Бейсенбі, 17 Қараша 2022 16:04

Қарақат Әбден: Патронаждық қызметті қолдау үшін нақты шаралар қабылдану керек

Президенттікке кандидат Қарақат Әбденнің ел өңірлеріндегі сайлауалды сапарлары жалғасуда. Бүгін ол Тараз қаласының сайлаушыларымен кездесті.

Үйде патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап жетілдірілген моделі аясында кандидат патронаждық медбикелермен бірге жүкті әйелдердің отбасыларына барды. «Жанұя» емханасының бас медбикесі Сәуле Калетаева атап өткендей, патронаждық қызметтің бұл моделі ана мен бала денсаулығын бақылауға алып, зиянды факторлардың алдын алуды көздейді. Жүкті және босанған әйелдердің үйлерін аралап, әлеуметтік қызмет көрсету – өзінің нәтижелілігін дәлелдеген маңызды бағыт. Сондай-ақ кездесу барысында патронаждық қызметкерлер бұл салада кәсіби мамандардың жетіспеушілігі жайлы сөз қозғады.

Қарақат Әбденнің пікірінше, әлеуметтік маңызы зор патронаждық қызметке қолдау көрсету қажет.

«Ана мен бала денсаулығы – ұлт байлығы. Жүкті әйелдердің денсаулығына зиян келтіретін жағымсыз факторларды болдырмау керек. Статистикаға сүйенсек, жағдайдың қиын екендігін аңғаруға болады. Қазіргі кезде аутизммен ауыратын балалардың саны 20 есе өскен, орфанды және ауыр науқасқа шалдыққан балалар көп. Сондықтан бастапқы кезеңдерден бастап профилактикалық жұмыс жүргізіп, күрделі мәселелердің алдын алу қажет. Осы орайда патронаждық қызметтің маңызы зор, патронаждық қызметкерлердің еңбегі сұранысқа ие. Алайда біздің қоғам патронаждық медбикелерді күтуші немесе қараушы ретінде қабылдайды. Шын мәнінде, патронаждық медбике – жоғары білікті маман және қоғам мен мемлекеттің оларға деген көзқарасы да басқаша болғаны абзал. Патронаждық қызметті қолдау үшін нақты шаралар қабылданып, оның мәртебесін арттыру мақсатында халық арасында ақпараттық-идеологиялық жұмыс жүргізу керек», - дейді кандидат.

Еске салсақ, елімізде 20 қараша күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Кандидат Қ.Әбден ел аймақтарын аралап, 10 облыста 40-дан астам кездесу өткізді.

Оқылды 678 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет