Бейсенбі, 17 Қараша 2022 17:00

Кандидат Мейрам Қажыкеннің Шымкентке сапары

ҚР Президенттігіне Кандидат Мейрам Қажыкен Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде болды. Мұнда ЖОО студенттерімен және оқытушыларымен кездесу өткізді.

Білім алушылар кандидатқа шынайы қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, белсенділік танытты. Олар білім беру, мәдениетті дамыту, саясатпен қатар экономика мен ұлттық қауіпсіздік тақырыптарын да көтерді.

М.Қажыкен оңтүстік облыстардың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін, сондай-ақ елдің қорғаныс қабілетін арттыру үшін әскери және азаматтық техника өндірісі жолға қойылған қуатты әскери-өнеркәсіптік кешен құру қажет екенін атап өтті.

«Тараз бен Шымкент арасында Түлкібас кенті бар. Онда сіз үлкен технологиялық кластер жасай аласыз. Біз қазір халықаралық жағдайдың қандай екенін көреміз: Ресей мен Украина арасындағы соғыс, оңтүстіктегі көршілер бәрі тыныш емес. Біз өз тыныштығымызды қорғай білуіміз керек. Қаруымызды жасайтын уақыты келді. Мұны Түлкібаста жасауға болады. Ол үшін өндіріс дамуы керек. Тараз бен Шымкентте химиялық, темірбетон және металл өнімдерін өндіретін кәсіпорындар бар. Кластердің арқасында жұмыс орындары табылады. Егер сіз жақсы заманауи кластерді аша алсаңыз, онда қару-жарақ заманауи болады. Меінң ойымша – болашақта осындай өндірісті құру керек», – деді кандидат.

М.Қажыкеннің айтуынша, бұл кластерде химия, биология, физика, инженерия пәндерін оқитын студенттер жұмыс істей алар еді. Өйткені бұл бағыттардың барлығы өнеркәсіптік-технологиялық кластердің ашылуы мен жұмыс істеуі үшін қажет.

Үміткер жиында жас ұрпаққа, олардың күшіне және қалыптасқан әлемді өзгертуге деген сенімін білдірді.

«Жастар барлық уақытта ересектерден ерекшеленді. Сіз бізден өзгешесіз. Сізде ашық көзқарас бар, сізде қорқыныш жоқ. Бұл жолдан таймаңыз. Әлемге ашық болыңыз, жасырынбаңыз. Болашақта сіз де жастарды оқытып, оларға білім мен тәжірибе бересіз», – деп қосты ол.

Үміткер өзінің саяси бағдарламасында жастарға үлкен басымдық жасайды. Оның айтуынша, қазір жастар үшін қоғамның барлық салаларында қажетті жағдайлар жасау қажет.

«Мен Президент болған кездегі міндетім – сіздерге есік ашу, мүмкіндіктер беру. Жастарды алдау мүмкін емес. Оған студенттермен кездескен сайын көзім жетеді. Сондықтан мен оларға шындықты айтамын», – деді М.Қажыкен.

Ол сондай-ақ тұрғын үймен қамтамасыз ету, жалақыны, зейнетақыны, әлеуметтік төлемдерді көтеру, медицина сапасын жақсарту мәселелерін де айналып өтпеді.

Студенттер үміткерден президенттіктің бірінші күнінде не істегісі келетінін сұрады. «Әрине, мен кәсіподақ мәселелерін шешемін. Олар мені алға тартты, мен олардың сенімін ақтауым керек. Бұл тұрғыда менің міндетім – барлық тараптардың: еңбекшілердің, жұмыс берушілердің және мемлекеттің мүдделерін сақтай отырып, тең құқықтармен әлеуметтік әріптестік институтын құру», – деді Мейрам Қажыкен.

Анықтама үшін:

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті 1937 жылы құрылған. ЖОО-да 6 факультет, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты, сондай-ақ кәсіподақ жұмыс істейді.

Штабтың баспасөз қызметі.

Оқылды 728 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 22, 2026

Отан жолында опат болған жеті…

Әлемде қиындық пен қасіретті, қорлық пен қиянатты көп көрген екі ұлт болса соның бірі –…
Қаң 22, 2026

Спортивные достижения юных …

Второй год работает в селе Байтерек детский футбольный клуб АL* stars. Занимаются в нём…
Қаң 22, 2026

Жас әртістер қойылымы

Ақбастау орта мектебінде «Бастауыш» әдістемелік бірлестігінің «Ертегілер елінде» оқу…
Қаң 22, 2026

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Балалық шақ… Бұл сөзді естігенде көз алдымызға күннің жұмсақ сәулесіне шағылысқан, асыр…
Қаң 22, 2026

Отбасы мен бала тәрбиесіне көңіл…

Отбасы – мейірім мен махаббат мекені әрі кішкентай періштелердің қауіпсіз, жылы орны.…
Қаң 22, 2026

Рух пен сөз күші

Алланың маған берген ерекше дарыны мені шығармашылыққа ерте жастан жетеледі. Бала…
Қаң 22, 2026

Ғасыр адамы

12 қаңтар көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, техника ғылымдарының докторы,…
Қаң 22, 2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…

Құрметті қауым! Жаңа ғана сөз сөйлеген Құрылтай мүшелері маңызды ой-пікірлер айтты.…
Қаң 20, 2026

2025 жылдың IV тоқсанында кірістері…

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет