Жұма, 25 Қараша 2022 14:59

Алыптардың тағзым жасап рухына

Ұлт ұстазы, Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының өмірге келгеніне 150 жыл толуына және ұлы суреткер, қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай «Еңбекшіқазақ» газетінің редакциясы ұйымдастырған «Алашқа айбын болған арыстар» атты әдеби байқау өз мәресіне жетті.
Әдеби байқауға Алаш елінің азаттығы мен ұлттың рухани бостандығы үшін күрескен ұлы тұлғалардың қайсар рухы мен өлмес мұраларын тебірене жырлаған, қайталанбас дарын иелерінің қадір-қасиетін қара сөзбен кестелеген 15-ке жуық шығарма келіп түскен болатын. Байқау талаптарына сай ойы өрелі прозалық шығармалар мен кестедей келісім тапқан поэзиялық туындылар үздік деп танылды. Әдеби аламанда, И.Саттаров атындағы орта мектептің оқушысы Анеля Мамежан топ жарса, Рахат орта мектебінің оқушысы Балауса Азаматқызы мен Көктөбе орта мектебінің оқушысы Аяла Сәрсенәлі ІІ орынды еншіледі. Бөлек батыр атындағы орта мектептің оқушысы Алтынай Ибрагим, А.Саттаров атындағы орта мектептің оқушысы Аяулым Айхожа мен Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушысы Балауса Нұрахмет үшінші орынға ие болды. Байқау жеңімпаздарына арнайы сыйлықтар мен мадақтама қағаздарын табыстаған газеттің бас редакторы Х.Ахметжанов өрімдей жасөспірімдердің өнерін жоғары бағалап, оларға шығармашылық табыс тіледі.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 841 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет