Сенбі, 26 Қараша 2022 13:59

Ел бесігіне – ерекше назар

Қазақстан Республикасының 20 қарашада сайланған Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қолын Конституцияға қойып, халқына ант бергеннен кейін алғашқы Жарлығын ауылды жаңғыртуға арнайтынын айтқанда еліміздің шартарабындағы ауыл тұрғындарының жүрегіне үміт пен сенім ұялағаны анық.

Ауыл – ел бесігі ғана емес, рухани өміріміздің түп қазығы, қазақтығымыздың, ұлттық мінез-құлқымыздың, бай тіліміз бен өнеріміздің қайнар бұлағы. Ауыл – ел бесігі ғана емес, елімізді асырап-сақтаушы, құнарлы азық-түлік өндіріп, қала мен даланы табиғи таза тағамдармен қамтамасыз етуші еңбеккерлер мекені.

Менің сенетінім бұрнағы жылдарда тұрғындар қалаға қоныстануға ұмтылады деп урбанизацияға, яғни тұрғындардың қалаға көшіп кетуіне көндігу керек деген саясаткерлердің бағыты жүз пайыз бұрыс екенін өмірдің өзі дәлелдеп берді. Өтпелі кезеңде темір жол вокзалында тәшке сүйреп, саудагерлер тауарын тасығанда алатын екі жүз теңгеге өмір кешіп жүрген  атпалдай азамат жүк салған қапшықпен вагон бұрышына маңдайымды соққанда ашуға булығып: «Ала дорба тасып екі жүз теңгеге өмір кешкенше, ауылыңа оралып мал бақпайсың ба?!» – деп үлкендігіме басып, біраз «сыбап» алған едім. Сол жігіт бірде көлігім жарамай жолда қалғанымда мені танып, джиптен түсіп сәлем бергені есімнен кетпейді. «Сіз сол жолы пойыз вагонында жер-жебіріме жетіп ұрыспағанда, басқаша өмір кешер ме едім. Ауылға оралып, үш-төрт жігітпен бірлесіп, шаруа қожалығымен айналыстық – ет өндіреміз», – деді.

Айтпағым, Президент Жарлығына үкімет құжаттары мен жергілікті басшылардың қолдауымен ауылды биік деңгейге шығаруға ынталы азаматтар да, білікті мамандар да жетіп артылады. Іске сәт!

Хайролла АХМЕТЖАНОВ,

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы.

Оқылды 834 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 24, 2026

Конституциялық реформа жөніндегі…

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Конституциялық Сот…
Қаң 24, 2026

Бүгін Конституциялық реформалар…

Іс-шара әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда: ?consot_kz ?constcouncil.kz…
Қаң 24, 2026

Сегодня состоится первое заседание…

Мероприятие будет транслироваться в прямом эфире на официальных страницах в социальных…
Қаң 22, 2026

Отан жолында опат болған жеті…

Әлемде қиындық пен қасіретті, қорлық пен қиянатты көп көрген екі ұлт болса соның бірі –…
Қаң 22, 2026

Спортивные достижения юных …

Второй год работает в селе Байтерек детский футбольный клуб АL* stars. Занимаются в нём…
Қаң 22, 2026

Жас әртістер қойылымы

Ақбастау орта мектебінде «Бастауыш» әдістемелік бірлестігінің «Ертегілер елінде» оқу…
Қаң 22, 2026

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Балалық шақ… Бұл сөзді естігенде көз алдымызға күннің жұмсақ сәулесіне шағылысқан, асыр…
Қаң 22, 2026

Отбасы мен бала тәрбиесіне көңіл…

Отбасы – мейірім мен махаббат мекені әрі кішкентай періштелердің қауіпсіз, жылы орны.…
Қаң 22, 2026

Рух пен сөз күші

Алланың маған берген ерекше дарыны мені шығармашылыққа ерте жастан жетеледі. Бала…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет