Бейсенбі, 01 Желтоқсан 2022 16:59

Халық сенімі жоғары

 

Бүгін барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары Алматы облысының әкімі лауазымына кандидаттарға дауыс беріп, көпшілік қолдауға ие болған Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен облыс әкімі болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабы 4-тармағы мен «Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы № 912 Жарлығына сәйкес Алматы облысы әкімінің кандидатурасын келісу үшін Қонаев қаласының Мәдениет үйінде облысымыздағы аудан-қала мәслихат депутаттарының отырысы өтті.

 

Отырысқа барлығы 205 депутаттың 11-і денсаулығына байланысты келе алмаса, қалған 194-і түгел қатысты. Есеп комиссиясы бекітіліп, арнайы келген Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Ғалымқызы Балаева депутаттарға облыс әкімі лауазымына кандидаттар: Марат Сұлтанғазиев пен Арслан Дандыбаевты таныстырды. Екі кандидаттың жобаларын толық тыңдаған халық қалаулылары ашық дауыс беру нәтижесінде Марат Сұлтанғазиевке 152, Арслан Дандыбаевқа 42 дауыс берді.

 

Көпшілік қолдауына ие болған Марат Сұлтанғазиев: «Бүгінгі таңда облысымыз қарқынды дамып келеді, оған экономиканың барлық салаларындағы оң көрсеткіш дәлел. Алматы облысы – инвесторлар үшін өте тиімді аймақ. Мәселен, инвесторлар бюджеттік емес қаражат есебінен жақын арада 108 көпқабатты тұрғын үй салуды көздеп отыр. Мемлекет басшысы алдымызға қойған міндеттердің барлығы орындалады. Ол үшін бар күш-жігеріміз бен тәжірибемізді жұмсайтын боламыз. Бұл бағытта кәсіпкерлікті қолдаудың орны айрықша. Бұл біздің жұмыстың жеке векторы саналады. Біздің жұмысымыз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына негізделіп, халықтың талап-тілегін ескере отырып атқарылады», – деп  Мемлекет басшысына сенім білдіргені үшін алғыс айтты.

Осы лауазымда жарты жыл қызмет атқарып келе жатқан Марат Елеусізұлын бүгінде халық іскер басшы ретінде таниды. Көп жылдар экономика бағытында қызмет еткен Марат Елеусізұлы облыстың экономикалық саясатын жоғары деңгейде жүргізіп, халықтың әл-ауқаты мен әлеуметтік жағдайын жақсартуға ықпал ететініне сенеміз.

Ерік АБИТОВ,

Алматы облысының мәслихат депутаты

Оқылды 1075 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет