Бейсенбі, 29 Желтоқсан 2022 14:40

Әкім шыршасы балалардың қуанышын еселеді

Көктөбе ауылындағы «Алатау холл» мейрамханасында оқушыларға арналған дәстүрлі әкім шыршасы ұйымдастырылды. Жоғары деңгейде өткен кеш бал-бұл жанған бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Балаларға кеңінен таныс ертегі кейіпкерлері, мерекенің басты кейіпкерлері барыс пен қоян, жаңа жылдың символына айналған Аяз ата мен Ақшақар шырша қуанышын бірге бөлісіп, жиналғандар түрлі сахналық қойылымдарды тамашалады. Көңілді мерекені құттықтау сөзбен ашқан аудан әкімі Алтай Досумбаев: «Бақытты балалықтың есте қалар сәті – Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алып, ән мен жырдан шашу шашар, ақ тілектер ақтарылар жаңа жыл құтты болсын! Бәрің де егемен елімізде ер жетіп, ата-ананың мақтанышы болар, ұстаздардың үмітін ақтар білімді, саналы, елін сүйер абыройлы азамат атаныңдар. Келер жыл әр отбасына баянды бақыт, сарқылмас қуаныш сыйласын!» – деген лебізінен соң бүлдіршіндердің асыға күткен жаңа жылдық сыйлықтарын таратты.

Мерекенің құрметті қонақтары аудан әкімі А.Досумбаев, аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Ахметов, аудан әкімінің орынбасары Қуат Ақшабаев, «АМАНАТ» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Б.Рахимов, аудандық білім бөлімінің басшысы Ж.Нұрғалымов, ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Е.Сарабеков шыршаны айнала ән шырқаған балалармен бірге мейрамдады. Мереке жаңа жылға лайықты маскарадтық киім киген бүлдіршіндердің әсем әніне, мың бұралған биіне, жауапты жетекшілер ұйымдастырған түрлі ойындарға ұласты. «Айта кеткен жөн, аталған жаңа жылдық шыршаға 90-ға жуық бала қатысты. Олардың көпшілігі ата-ана қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың перзенттері. Сонымен қоса, оқуда, өнерде, спортта үздік деп танылған және белсенділігімен көзге түскен оқушылар», – дейді ұйымдастырушылар.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 964 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет