Бейсенбі, 05 Қаңтар 2023 16:06

Жаңа бағдарлама – кәсіпкерлікке тың серпін бермек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру тапсырмасының арқасында ауыл тұрғындарының жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайызды құрайтын жеңілдетілген несие алуға, кооператив құру және техниканы лизингке ресімдеу кезінде көмек алуға мүмкіндігі пайда болды. Осы бағдарлама аясында «Аманат» партиясы үкіметпен бірлесіп, «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыруда.

Жақында аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруға бағытталған арнайы жиын өтті. Аталған жиынға аудан әкімнің орынбасары Бауыржан Бименов, бөлім басшылары мен округ әкімдері қатысты. Бұл бағдарлама 2023 жылдан 2025 жылға дейін жоспарланған. Мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, қызмет көрсету, құс шаруашылығы сынды бірқатар салаларды қаржыландырады. Кәмелеттік жасқа толған, зейнет жасына жетпеген әрбір Қазақстан азаматының ол несиені алуға мүмкіндігі бар. Отбасында отырған аналар, жұмыссыз жастар, кәсіп бастағысы келетін жеке тұлғалар да өтінім бере алады. Алайда мемлекет қызметкерлерінің бұл жобаға қатысуына мүмкіндігі жоқ екен. Сауда-саттық пен құрылыста жүрген азаматтарға да берілмейді. Сонымен қоса, бұл жобаның осыған дейін жүзеге асырылған жобалардан артықшылығы бар. «2,5 пайыздық жеңілдікпен несие беру – ауылшаруашылық техникасы мен құралдарын лизгингке ресімдеу, кооперативке арналған инвестициялық субсидиялар беру және ауылшаруашылығы саласындағы білікті мамандардың кеңесін алу. Тіпті, құжат жинағанда да халық аудан, облыс орталықтарына сабылып, әуре болмайды», – дейді аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Бименов.

Жобаның мақсаты – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын агробизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу. Кәсіпкерлікті дамытуды мақсат еткен бұл бағдарламада несие алудың өз алғышарттары бар. Мысалы, сіз банк алдында берешегіңіз бойынша «қара тізімде» болмауыңыз керек. Міндетті түрде үйіңізді кепілдікке қоясыз. Арнайы мамандар үйіңізді бағалап, сізге беретін несиенің мөлшерін сол жылжымайтын мүлкіңіздің құнының сексен пайызына ғана туралайды. Бірақ мемлекет алдындағы берешегіңізді уақытында қайтара алмасаңыз, баспанаңыздан бас тартуыңызға тура келетіні айтпаса да белгілі. Осы жоба аясында жүргізген шаруашылығыңыз шатқаяқтап, зиян шексеңіз, мемлекет ешқандай көмек көрсете алмайды екен. Сақтандырған компанияңыз арқылы өзіңіз шешімін табуыңыз керек болады. Десе де, ауыл халқы бұл жобаға үлкен қызығушылық танытты. Алайда ауылдарда жайылымның жоқтығы, үй құжаттарының дұрыс еместігі сияқты бірқатар түйіткілді мәселелер де жоқ емес. Бағдарлама аясындағы 5 бағыт бойынша 11 млрд 800 млн теңге қаржының қажеттілігі туындауда. Бағдарламаны іске асыру барысында Алматы облысы көлемінде 900-ге жуық жұмыс орны ашылып, 2,5 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылатын болады.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 1107 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет