Дүйсенбі, 16 Қыркүйек 2024 11:07

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты

 

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекет басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына конкурс басталғаны туралы хабарлайды.

2024 жылы «Тәуелсіздік ұрпақтары» бойынша 3 млн теңгеден 30 грант берілетін болады.

Мақсат – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекет тарапынан қолдау.

Конкурсқа Қазақстан Республикасының он төрт жастан бастап, отыз бес жасқа дейінгі (34 жас қоса алғанда) азаматтары үміткер бола алады.

 

Гранттар 6 бағыт бойынша беріледі:

«Ғылым» – жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;

«Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;

«Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;

«Бизнес» – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;

«Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған;

«Волонтерлік» –  өзекті, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды) іске асыруға арналған.

Үміткерлердің конкурстық өтінімдері 2024 жылғы 05 тамыз бен 06 қазан аралығында Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштасы арқылы қабылданады.

Байланыс нөмірі: 8 (7172) 74-12-78.

Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады және:

1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық өтінім;

2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның сипаттамасы;

Жоба бойынша (60 секундтан аспайтын) бейнематериал немесе (10 слайдтан аспайтын) презентация;

3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығындар сметасының жобасы;

PDF форматындағы зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса);

PDF форматындағы жеке куәлік немесе туу туралы куәліктің көшірмесі болуы тиіс.

Қосымша ақпаратты https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/821575?lang=kk сайты арқылы алуға болады.

 

Оқылды 529 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет