Сейсенбі, 10 Қаңтар 2023 17:22

Ел қорғанысының ерекше нышаны

Тәуелсіздік – Қазақстан халқының ең асыл құндылығы. Егенмендігіміздің арқасында экономикалық және әлеуметтік жағдайымыз айтарлықтай жақсарып, мемлекетіміз демократиялық оң өзгерістерге қадам басып, толағай табыстарға қол жеткізді.

Тәуелсіз Қазақстанның төл перзенттері осы бір заманымыздың жаңа келбетін кескіндеп, бабалардың асқақ армандарын арқалап өмір сүріп келеді.

Еліміз Тәуелсіздігіміздің іргесін қалағалы Отан қорғаушылар қылмыспен күресуде, азаматтардың конституциялық құқығын қорғауда, мемлекетіміздің тыныштығын сақтауда өздерінің тіректі күш екенін әйгіледі.

Осыдан 31 жыл бұрын Тәуелсіз Қазақстанның қорғаныс саласының айшықты нышандарының бірі ретінде «Ұлттық ұлан» құрылды. 1992 жылы 10 қаңтарда ҚР Тұңғыш Президенті Ұлттық ұланды құру туралы жарлыққа қол қойған болатын. Осылайша Ұлттық ұлан тарихының жаңа парағы ашылған еді.  Сол сәттен бастап ауданымыздағы Қаракемер ауылында орналасқан Ұлттық ұлан 6654 әскери бөлімі Отанға адал қызмет атқаруда. Әскери бөліміміз жоғары деңгейде әскери дайындықтар жүргізіп, егемен елдің қорғаныс саласына білікті кадрлар дайындап келеді. Сөзіміздің бір дәлелі – 1 жыл бұрынғы қаңтар оқиғасында Ұлттық ұлан 6654 әскери бөлімінің жауынгерлері ел тұтастығын сақтап қалу үшін жан аямай күресіп, өз міндеттерін абыроймен атқарды.

Осынау айтулы күнде барша әскери саладағы ардагерлерді, қызметкерлерді, Ұлттық ұланымызды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтағым келеді. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт-береке тілеймін! Қиын да күрделі саладағы еңбектеріңіз жемісті болсын! Бар әлемге, Тәуелсіз Қазақстанымызға бейбітшілік тұрақтасын!

Жандос ҚАСЫМОВ,

ҚР Ұлттық ұлан 6654 әскери бөлімінің командирі, полковник.

 

Оқылды 734 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет