Бейсенбі, 19 Қаңтар 2023 15:28

Екібастұз балалары қысқы лагерьде демалды

Екібастұздағы төтенше жағдай кезінде «AMANAT» партиясының мүшелері мен белсенділері алғашқы күннен бастап қала тұрғындарына гуманитарлық көмек таратуға атсалысқан болатын. Тұрғындарға жылытқыштар, жылы көрпелер, қажетті заттар таратылды. Аманаттықтар аталған көмекпен шектеліп қалмай, балалардың қысқы демалысын ұйымдастырды. Осылайша, 30 оқушыдан тұратын топ қысқы демалыс кезінде  бір аптаға жуық уақытын  ауданымыздың «Тау-Жаңашар» балалар лагерінде өткізді.

Партиялықтар оларға арнап тартымды да қызықты бағдарлама ұйымдастырды. Бағдарлама аясында спорттық жарыстар, тауға сапар, музейлерге экскурсия жасалды. Алатаудың баурайында, әсем табиғаттың аясында демалған екібастұздық оқушыларды  «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, әртүрлі сыйлықтар табыс етті. Қуат Сұлтанұлы балалармен бірге еріп жүрген тәрбиешілер мен медицина қызметкерлеріне де алғыс білдірді.

– Екібастұздан келген мектеп оқушыларының демалысы кезінде облысымызға қарасты аудандардағы «AMANAT» партиясының қызметкерлері балалардың хал-жайын біліп, оларға бағалы сыйлықтар тарту етті. Сонымен бірге, әр деңгейдегі мәслихат депутаттары мектеп оқушыларының ойдағыдай демалуына 1 млн 600 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті, – дейді «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Бағдат Рахимов. «Қаракемер балалар театры» қойған белгілі режиссер Қадыр Жетпісбаевтың «Бала мерген» атты пьесасы да Екібастұздан келген балдырғандардың көңілінен шықты. «Алтын адам табылған жерге алғаш рет келіп отырмын. Маған бәрі ұнады. Таулар да өте әдемі. Демалысымыз шынымен де көңілді өтіп жатыр. Табиғаты әсем, тарихқа бай бұл өңірге тағы да келуді армандаймын», – деп атап өтті Диляра Бақытбекова есімді оқушы.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 577 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет