Бейсенбі, 02 Ақпан 2023 10:28

Аналар кеңесінің кезекті отырысы өтті

Жақында Райымбек батыр атындағы орта мектептің мәжіліс залында аудандық «Қоғамдық келісім» филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Аналар кеңесінің»  отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасары Қуат Қарабайұлы, ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Ерболат Сарабекұлы, білім бөлімінің басшысы Жарқын Нұрланұлы, облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Гүлнәр Сағатқызы, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Роза Омарқызы, Есік қаласы мен ауылдық округтерде құрылған Аналар кеңесінің төрайымдары қатысты.

Ең әуелі аудан әкімінің орынбасары Қуат Ақшабаев кезекті Аналар кеңесі отырысының қысқаша маңызына тоқталып, облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Гүлнәр Сағатқызына сөз берді. Өз кезегінде Гүлнәр Жошыбаева Аналар кеңесінің мәні мен маңызы, отбасы институтын нығайтуда алар орны туралы кеңінен мағлұмат беріп, «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасының бағыттарын саралады. 

– Бүгінде біздің қоғамдағы аналарымыз елімізде болып жатқан барлық жағымды жаңалықтарға, қоғамдағы өміршең өзгерістерге, идеялық-саяси, əлеуметтік мəдени жұмыстарға, мемлекетіміздің бүкіл тыныс-тіршілігіне белсене атсалысып келеді. Статистикалық мəліметтерге сүйенер болсақ, жалпы мемлекеттік қызметшілердің тең жартысынан астамы нəзік жандылардың үлесіне тиетіні анықталған. Бұл үлкен көрсеткіш, жоғары нəтиже мен жақсылықтың нышаны. Аналар кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, Заңдарын, ҚР Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып өз міндеттерін атқарады. Атап айтқанда, отбасы жəне ана беделі негізінде қоғамдық келісім мен ел бірлігін қамтамасыз ету, отбасылық құндылықтарды тарату жөніндегі шараларды жүзеге асыру. Аналар кеңесі негізінен қазақстандық патриотизмді, толеранттылықты жəне этносаралық келісімді, ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық дəстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайту жəне сақтау үшін жұмыс жүргізіп, ата-аналардың дені сау, рухани адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген ұрпақ тəрбиелеудегі жауапкершілігін арттыруға жəрдемдеседі», – деді облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Гүлнәр Сағатқызы.

Ауданымызда Аналар кеңесі осыдан 5 жыл бұрын құрылып, оған ауданымыздың Құрметті азаматы Роза Исатаева жетекшілік етеді. Одан кейін Есік қаласы мен 25 ауылдық округте де Аналар кеңесі құрылып, оның мүшелері ұлттық дəстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайту жəне сақтау үшін жұмыс жүргізіп, ата-аналардың дені сау, рухани адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген ұрпақ тəрбиелеудегі жауапкершіліктерін арттыру мəселелері төңірегінде еңбек етіп келеді. Əрбір ауылдағы Аналар кеңесі жоспарлы түрде жұмыс жасап, əр тоқсан сайын атқарған істері туралы есеп беріп отырады. Аудандық Аналар кеңесінің төрайымының сөзінше, аталған ұйымның жұмысына ауыл, қала əкімдері мен мектеп директорлары, əр ауылдағы мəдениет ошақтары тікелей қолұшын беріп, аналар ұйымдастырған игі істерге белсене атсалысуда. Əрбір ауылдағы Аналар кеңесінің мүшелері ауылдың тыныс тіршілігінен хабардар болып, ондағы көпбалалы, жалғызбасты, мүгедек балалы аналар, кейуаналарды анықтап, тұрмысы төмен отбасылар мен жайсыз отбасылардың ахуалын біліп, қолдан келгенше көмек жасап келеді. Аудандық Аналар кеңесі əрбір ауылда семинар-кеңестер, кездесулер өткізіп, қоғамды алаңдатып отырған түрлі тақырыптар төңірегінде əңгіме өрбітіп, жастарға ақыл-кеңестерін беруде. Жиын барысында алда атқарылатын жұмыстар сараланып, Аналар кеңесінің мүшелері өз ойларын ортаға салды. Үй мен түздің тізгінін тең ұстап, қазанын қайнатып, баласын ойната жүріп, еңбектің бел ортасынан табылатын əйелдердің тындырымды іс-əрекеттері көпке үлгі болып отыр.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 790 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « #РЕЛИГИОЗНЫЙ СКАН Ерлік жолы – ұрпаққа өнеге »

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет