Бейсенбі, 02 Ақпан 2023 11:03

Ерлік жолы – ұрпаққа өнеге

Асы ауылдық округіне қарасты Қайрат ауылында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысып, зардабын шеккендердің бірі Бурлибаева Әлия Жұмабайқызы тұрады. Сол кезде Алматыға ұйымдасқан топ болып кеткені үшін өзі оқып жатқан Қаскелен педагогикалық училищесі басшылығының бұйрығымен Ә.Бурлибаеваға училищенің ішкі тәртібін бұзғаны туралы сөгіс жарияланған.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан кейін Алматыдағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдарды имандылық, объективтілік және әділеттілік принциптерін басшылыққа алып, «Желтоқсан құрбандарын» ақтау туралы 1991 жылы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы шығады. Жарлық негізінде 1993 жылы 14 сәуірде «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңы қабылданады. Осы Заңға сәйкес басқа желтоқсаншылар қатарында Әлия Жұмабайқызы саяси қуғын-сүргіндер құрбаны ретінде танылады.

Әлия Жұмабайқызы 2021 жылы 1 шілдеде «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігіне мүшелікке алынып, сол жылы ұйымның «Желтоқсанның 35 жылдығы» естелік медалімен марапатталған. Ал Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығы бойынша Бурлибаева Әлия Жұмабайқызы «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен наградталды. Желтоқсаншы апамыздың ерлігі мен өнегесі халықаралық ғылыми-ақпараттық, танымдық-тәрбиелік «Өрлеу-Өркендеу» журналында жарияланып, ұрпаққа үлгі өмір жолы кеңінен насихатталуда.

Бурлибаева Әлия Жұмабайқызы 1965 жылы 19 наурызда туылған. Бүгінгі күнде отбасымен бақытты өмір сүріп келеді. Өткенде батыр апамыздың үйіне мектеп оқушыларымен барып, мәнді де, мағыналы әңгімелесіп қайттық. Әлия апай оқушыларға сол ызғарлы Желтоқсан кезіндегі басынан өткен қиындықтар мен замандастарының ерлік жолын тебіреніп айтып берді.

– Лайым, елімізде тыныштық пен тұрақтылық мәңгі орнап, бүгінгі мен келешек ұрпақ бақытты өмір сүрсін! – деп ақ батасын берді сол күні қайтарымызда Әлия апай.

Абдулжан АЗНАБАҚИЕВ,

И.Саттаров атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Қайрат ауылы.

Оқылды 831 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет