Сейсенбі, 07 Ақпан 2023 15:37

Алдағы сайлау тартысты өтеді

Бүгін Астана қаласында өткен «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXV съезінде делегат болып қатыстым. Ауқымды шараға еліміздің барлық өңірінен 2000-нан астам адам жиналды. Олардың қатарында Саяси кеңес мүшелері, Мәжілістің VII шақырылым депутаттары, өңірлерден келген делегаттар, партияның «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері, сондай-ақ сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар.
Кезектен тыс XXV съездің күн тәртібінде 3 мәселе қаралып, партиялық тізімдер және бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың тізімі бекітілді. Өңірімізден бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Абитов Ерік Әзілжанұлы мен Давлетов Сыдық Әбуұлының кандидатуралары ұсынылды.
Жалпы 19 наурыз күні өтетін ҚР Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауы 2022 жылы 5 маусым күні жалпыұлттық Референдумда сайлау заңына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға сай жаңа мажоритарлық әдіспен өтеді. Барлық кандидаттарға сәттілік тілей отырып алдағы сайлау тартысты өтеді деген сенімдемін.


Бағдат РАХИМОВ.
«AMANAT» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының атқарушы хатшысы.

Оқылды 710 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ерлік жолы – ұрпаққа өнеге К паводкам готовимся заранее »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет