Жұма, 10 Ақпан 2023 09:56

Өнегелі ісіміз өркен жаюда

«Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің ашылғанына 1 жыл толды. Осы уақыт аралығында елімізде 18 филиал ашылып үлгерді.

Жобаның негізін қалаушы авторы Айнұр Жүгінісова: «Бұл жобаның мақсаты – төл дәстүрімізді дәріптеп, ұлттық құндылықтарымызды сақтау. Жастарымыздың бойына отансүйгіштік, намысшылдық қасиеттерді және қазақы тәрбиені сіңіру», дейді.

Аталған айшықты бірлестігіміздің алғашқы тұсауы Мақтаарал ауданында кесіліп, құрылтай өткен болатын. Ұлтжанды аналардың мұрындық болуымен ата-бабадан қалған салт-дәстүріміз ұлықталып, сәтті қадам жасалды.

Міне, осы алғашқылардың бірі болып бұл жоба біздің ауданда өткенінен хабардарсыздар. Есік гуманитарлық-экономикалык колледжінде өткен аталған шараға облыстық «Қазақ аналары – дәстүрге жол» жобасының төрайымы Ләйле Ноғайқызы және бірнеше аудандардан аналар бірлестігі келген еді. Салт-дәстүрімізге негізделген жоғары деңгейде концерттік бағдарламамызды ұсынып, айтулы бастама біздің жерлестеріміздің де ыстық ықыласына бөленді. Біздің аудандық филиалымызға төрайым болып ЕГЭК білім ордасында 30 жылдан астам уақыт оқытушы болып қызмет атқарып, абыроймен зейнетке шыққан Базаркүл Камрадинова тағайындалған болатын. Сол сәттен бастап Базаркүл ханым ұжымдастарымен бірлесіп жобаның негізгі мақсаттарын іске асыру, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, өнегелі ана-лардың қатарын көбейту жолында тынбай еңбектеніп келеді.

Бұған айғақ 28 қаңтарда Алматы қаласы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында облыстық көлемде өткен «Абысын-ажын» атты байқау болатын. Аталған сайыстың шарты бойынша абысындар бір әулеттен болуы керек. Сондай-ақ байқау «Таныстыру», «Дәстүрлі ән», «Дәстүрлі би», «Ұмытылып кеткен ұлттық тағам – жасалуы, пайдасы», «Қолөнер – тігу, тоқу, ши өнері» атты 5 номинация бойынша өткізілді. Аталған абысындар додасында Базаркүл Камрадинова аз уақыт ішінде сахнаға шығып көрмеген абысындарын дайындап, жоғары деңгейде өнер көрсетіп, ауданымыздың намысын қорғай білді. Күләйхан Такибаева, Базаркүл Камрадинова, Бақытгүл Аубакирова және Маржан Абилова есімді абысындардан құралған топ 9 ауданның ішінен ІІІ орынды еншілеп, 100 мың теңгелік сертификатқа ие болды.

Ұлт пен ұрпақ үшін берері көп байқауға қатысқан аты аталған аналарға зор денсаулық, жанұяларына бақ-береке тілейміз. Көненің көзіндей дәл осындай аналарымыз салт-дәстүрімізді ұлықтап, жаңғырту жолында аянбай еңбек етіп, бірлестігіміздің байрағын биіктетуге әлі талай үлес қосарына сенімдіміз.

Күлән МАДИЯРОВА, 

«Алтын адам» ардагерлер ансамблінің әншісі.

Оқылды 696 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 20, 2026

2025 жылдың IV тоқсанында кірістері…

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша…
Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет