Жұма, 10 Ақпан 2023 09:37

Озық тәжірибе зор мүмкіндік берді

Астанадағы АҚШ елшілігінің ауыл шаруашылық жөніндегі өкілі Акристофер Билески, USDA - Ұлттық Ауыл шаруашылығы статистикасы қызметінің халықаралық бағдарламалар жөніндегі директоры Сара Хоффман, халықаралық бағдарлама кеңесшісі Дэвид Лукенбах ауданымыздың ауылшараушылық әлеуетімен танысты.

Шетелдік қонақтар ең әуелі аудан әкімі Алтай Досумбаев, аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Бименов, облыстық статистика департаментінің басшысы Бағлан Каргулов, аудандық статистика басқармасының басшысы Алуа Елеусізовамен бірге «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына атбасын бұрды. Музей-қорықтың экспозициясы бойынша ғылыми қызметкер Данияр Байдаралы шетелдік қонақтарға Алтын адамның тарихы туралы, еліміздің құнды тарихи-мұралары жайында мәліметтер беріп, музейдегі құнды экспонаттармен  таныстырды. Қазақ даласының өткен тарихы жайында маңызды мәлімет алған Акристофер Билески музейдің құрметті қонақтарына арналған кітапшасына өзінің қол таңбасын қалдырды.

Одан соң америкалық статистика мамандары Түрген ауылдық округіндегі «ЧАФ «Тургень», «Интеграция-Тургень» ЖШС-іне барды. «ЧАФ «Тургень» ЖШС-інің директоры М.Жексембекова америкалық статистика мамандарына атқарылып жатқан істердің жай-жапсарын баяндады. Бүгінде «ЧАФ «Тургень» және «Интеграция-Тургень» ЖШС-і 515 шаруа қожалығының 10 мың гектардан астам аумақтан жаңа әдіс-тәсілдерді пайдала-нып, жемісті өнім алуына мүмкіндік жасауда.

Біз жоғарғы сұрыпты майбұршақ, арпа, бидай, тары, асбұршақ, жүгері өнімдері Түргенді ғана емес көптеген  аудандарды  қамтамасыз етіп отырмыз. Бүгінде қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғалымдарымен тығыз байланыста жұмыс істеп келеміз. Өнім мөлшері мен сапасын жақсарту үшін шетелдік озық тәжірибелер бізге аса қажет, – дейді М.Жексембекова.

Кездесуде саланың құрылымды-технологиялық жаңғырту қарқынының төмен болуы, саланың қаржылық тұрақсыздығы, саланы дамытуға жеткіліксіз жеке инвестициялардың кіруі, білікті кадрлардың тапшылығы, экологиялық стандарттар және егіс дақылдарын суару технологиясын жетілдіру мәселелері талқыланды. Америкалық мамандар «ПЛОДО» ЖШС мен «Айдарбаев» шаруа қожалығын да назардан тыс қалдырмады. «ПЛОДО» ЖШС бүгінде ауыл шаруашылығы өнімдерінен томат өнімдерін, алма және өрік езіндісін шығарумен айналысады. Ұзақ жылдардан бері жемісті еңбек етіп келе жатқан серіктестіктің 200 гектар алқабында өрік, 400 гектарда қызанақ өсіріледі. Зауытта тәулігіне 900 тоннаға жуық өнім өндіріледі.

Саймасай ауылдық округінде «Айдарбаев» шаруа қожалығы осыдан үш жыл бұрын құны 1,2 миллиард теңге, 250 бас сауын сиыр мен 300 бас танаға арналған сүт-тауарлы фермасын іске қосқан болатын.

Әңгімелесу барысында Қазақстан Республикасындағы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, ветеринариялық және экологиялық стандарттар, сапалы мал тұқымын  көбейту, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу өнеркәсібін дамыту, ғалымдар арасындағы өзара іс-қимыл перспективалары туралы сұрақтар қойылды. Сондай-ақ, мамандарды даярлау және жаңа жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру туралы  бірлескен іс-шаралар талқыланды.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 688 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Жедел штаб құрылды Өнегелі ісіміз өркен жаюда »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет