Бейсенбі, 09 Ақпан 2023 16:53

Жедел штаб құрылды

ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ ІААПТБ негізгі міндеті – халықты, шаруашылық объектілерін және филиалға қарасты аймақтарды қауіпті табиғи құбылыстардан, яғни сел ағындарынан, қар көшкіндерінен, сырғымалардан (топырақ көшкіндері) сенімді қорғауды қамтамасыз ету. Сондай-ақ қыс айларында тау өзендеріндегі мұз кептелістеріне бақылау жүргізу және алдын ала ескерту.

Төтенше жағдайлар орнаған кезде «Қазселденқорғау» ММ бұйрығы негізінде төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға қатысу және филиал теңгеріміндегі селден қорғау құрылыс нысандарының қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету және жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын атқарылады. Филиалдың қызмет көрсету аймағына Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай, Жамбыл, Кеген және Райымбек аудандары кіреді.

Халықты, шаруашылық нысандарын қорғау мақсатында салынған филиал балансында 26 гидротехникалық селден қорғау нысандары бар. Атап айтқанда: Есік ӨПБ - 16, Талғар ӨПБ - 1, Шелек ӨПБ - 2, Жамбыл ӨПБ - 1, Қарасай ӨПБ - 3, Райымбек ӨПБ - 3.

ІААПТБ филиалының қызмет көрсету аймағы бойынша 57 селге, 192 сырғымаға және  55 қар көшкініне қаупі аймақтар тіркелген.

Оның ішінде: қар көшкіні – Еңбекшіқазақ ауданында – 24, Талғар ауданында – 31. Зардап шегу аймағының жалпы ауданы – 80 200 м2.

2022-2023 жылдар аралығында қар көшкіні қауіпті кезеңінде:

- ауылдық округ әкімдіктеріне, жергілікті ұйымдардың басшыларына және қар көшкіні қауіпті аймақтарда орналасқан тұрғын үй иелеріне, ұйым басшыларына 201 ескерту-хабарламалар мен 285 ескертпе парақшалар таратылды;

- аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандарымен бірге жоғары сынып оқушыларына қар көшкінінен сақтану бойынша оқу семинары өткізілді;

- қар көшкіні қауіпті аймақтарға 8 дана ескерту қалқандары орнатылды;

- бекітілген кестеге сәйкес 54 жерүсті және 6 қосымша тексеру жұмыстары жүргізіліп, актілер жасалды және таулы аймақтарда қар жамылғысының жоғары болуына байланысты аэро көзбеншолу тексеру  жүргізу жосапрлануда;

- бұқаралық ақпарат құралдары арқылы аудандық газеттерде қар көшкіні қауіпті кезеңіне 1 және әлеументік желіге 16 мақала  жарияланды;

Демалушылары мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қазселденқорғау» ММ-нің және аудандық ТЖБ-нің басшыларының ескерту хабарламасы негізінде Ақбұлақ шаңғы базасында аталған мекемеге тиеселі  «GAZEX» қондырғысының көмегімен 13 жару жұмыстары арқылы мәжбүрлі қар көшкінін түсіру жұмыстары жүргізілді. Қар көшкінінің жалпы көлемі – 5 510,0 м3.

2022 жылдың қараша айы мен 2023 жылдың қаңтар айлары аралығында Еңбекшіқазақ ауданы Түрген-Батан автожолында өздігінен түскен 17 қар көшкіндері тіркелді, жалпы көлемі – 5 570,6 м3.

Сондай-ақ ауа райының күрт суытуына байланысты мұз құрсаулары қалыптасып, Талғар және Түрген өзендерінде сең жүруі орын алды. Зардап шекендер жоқ.

Сонымен қатар сең жүрудің алдын алу мақсатында филиал теңгеріміндегі Есік және Қаскелең өзендеріндегі тұрақтандырылған арналарын мұз құрсауларынан тазалау жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі күні филиал бойынша 5 диспетчерлік пункт, 15 гидрологиялық бекет және 3 қар көшкініне қауіпті аймақты бақылау маршруттары жұмыс жасауда.

«Қазселденқорғау» ММ-нің болжамы бойынша ағымдағы жылдың ақпан айында мұз құбылыстарының әлсіреуіне байланысты таулы өзендерде су деңгейінің айтарлықтай ауытқуы күтілуде. Тәуліктік ауа температурасының оң болжамына байланысты өзендерде мұз кептелістері қалыптасуы және сең жүруі, қыс айларында жауған қардың әсерлерінен таулы аймақтарда қар қорының айтарлықтай көп болуына байланысты, жылы ауа райы басталған кезеңде таулы өзендерде қарқынды беткейлік және жерүсті ағындарының пайда болуынан аумақтарды су басуы мүмкін.

Сондай-ақ жерге түскен тоң да – су тасқындары мен сырғымаға әсер ету факторлары. «Қазселденқорғау» ММ-нің гидробекеттерінен алынған мәліметтер бойынша жерге түскен тоңның қалыңдығы – 10-70 см.

Сол себепті көктемгі су тасқындары мен сырғыма кезеңдерінде қауіпті аймақтарға ескерту қалқаншаларын орнату және  ауылдық округ әкімшіліктерімен қатар қауіпті аймақарда орналасқан тұрғын үйлермен шаруашылық  нысандардың иелеріне ескерту хабарламаларын тарату жоспарлануда.

ІААПТБ филиалы бойынша құрамы 15 адамнан тұратын жедел штабы құрылды және  төтенше жағдайлар салдарын жою бойынша жұмыстарға қатысу үшін құрамы 11 адам, 4 бірлік жедел-кезекші техника және 7 бірлік арнайы ауыр техникалары бар апаттық механикаландырылған топ жасақталған.

Т.БЕГИМОВ, инженер.

Оқылды 654 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет