Сейсенбі, 07 Наурыз 2023 11:31

Еңбексіз жетістік жоқ!

Нәзік жандылардың мерекесі қарсаңында спорттың «Садақ ату» түрімен шұғылданатын, ауданымыздың атын байрақты додаларда шығарып жүрген Медина Мұратты тілдесуге шақырдық.

– Құрметті Медина Маденқызы, спортпен қай уақыттан бері шұғылданасыз?

– Мен 11 жасымда спорттық мектепке қабылдандым. Ол жерде волейболмен 2 жыл шұғылдандым. Содан кейін «Садақ ату» спорты мені қатты қызықтырды. Аталған спортпен айналысқаныма 4 жылдан асты. Осы аралықта мен облыстық, республикалық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы атандым және Франция мемлекетінде өткен әлемдік гимназиадаға қатыстым. Бүгінгі таңда ҚР спорт шеберімін, ендігі мақсат – халықаралық дәрежедегі спорт шебері атану.

– Садақ ату спорты сізді несімен қызықтырды?

– Бұл спорттың ерекшелігі – командалық топпен және жеке өнер көрсетуге болады. Адам бойына жауынгерлік рух сыйлай отырып, үнемі өз-өзіңмен күресуді талап етеді. Сондай-ақ бұл спортта дене жарақатын алу қауіптілігі төмен, ашық аспан астында ата-бабаларымыздың қаруын қолданып, нысанамызды көздейміз. Садақ ату жарыстарында адамның жасына шектеу қойылмаған. Адам бойындағы төзімділік, жауапкершілікті дамытатын спорт ерік-жігерді де күшейтеді. 

– Садақ ата-бабаларымыздың бес қаруының бірі болғандықтан, біздің жастарымыздың оған қызығушылығы жоғары шығар. Елімізде садақ атудың даму қарқыны қалай?

– Дұрыс айтасыз, әр барған жарысымда жастарды көптеп кезіктірем. Олардың арасында болашақ чемпиондар көп деп санаймын. Садақ атуға қызығатын жастар саны артып келеді, даму қарқыны өте жоғары. Жауынгер халықтың ұрпағы болғандықтан бұны заңды құбылыс деп ойлаймын.

– Алға қойған мақсаттарыңызбен бөлісіп өтсеңіз.

– Кез келген спортшы секілді менің де қазіргі таңдағы басты арманым – әлемдік олимпиадалық ойындарға қатысып, шыңнан көріну. Айналысып жүрген спортымды жалғастыра отырып, жақындарымды жеңісті күндеріммен қуантқым келеді. Спорттық мансабымда арманымның шыңдарын бағындырсам деймін. Ол үшін сол жолда аянбай еңбектену қажеттігін де ұмытпаймын. Еңбексіз жетістік жоқ.

– Сұхбатыңызға рахмет. Сізге сәттілік тілейміз! Алдағы келе жатқан мерекемен құттықтаймыз!

Тілдескен Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 1750 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет