Сейсенбі, 07 Наурыз 2023 11:19

Кітапхана – білімнің кені

Көктемнің басы ең әсем мереке халықаралық әйелдер күнімен ерекшеленетіні анық. Нәзік жандылар мейрамының қарсаңында өз саласында абыроймен қызмет атқарып келе жатқан, «Кітапхана ісінің үздігі», «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» медальдарының иегері, аудандық кітапхананың қызметкері Гүлнар Жандосовамен аз-кем сұхбаттасып қайтқан едік.

– Құрметті Гүлнар Жұмашқызы, әуелі алдағы мерекеңізбен құттықтаймыз! Жалпы кітапханашы болып қызмет атқарғаныңызға қанша жыл болды? Бұл жұмыстың қыр-сырын айтып өтсеңіз.

– Менің дәл осы қызметте жүргеніме 35 жыл болды. Бір орында жұмыс істеп келемін. Кітапхана – білімнің кені. Бұл жерде жаны таза адам ғана қызмет атқара алады. Сырт көзге қарапайым болып көрінгенімен, жұмыстың нағыз төресі осы жер деп ойлаймын. Кез келген адам кітапты серік етуі тиіс. Соны ұғынғанда ғана кітаптан артық досы болмайтынын түсінеді.

– Бүгінгі заманда адамдардың алтын уақытын алақандай телефон ұрлап жатыр. Кесірінен кітапқұмар жандар сиреп кетті. Осы орайда маман ретінде кітаптың пайдалы тұстарын баян етсеңіз.

– Рас, әрине жасөспірімдерден бастап ересектерге дейін әлеуметтік желіге жүгенделгені алаңдататын мәселе. Ұялы телефонға бей-берекет уақыт өлтіру күллі адамзаттың қауіпті індетіне айналды. Бұл орайда біз ұтылудамыз, кез келген техниканы пайдамызға ғана жарату керек. Мысалы, кір машинасын кір жуарда ғана қолданғанымыз секілді, телефонды да керек кезінде қолданған жөн деп білемін.

Ал, кітап оқу – адамның сөздік қорын молайтуға, тез тіл табысуға, есте сақтау мен ойлау қабілетінің дамуына көмектеседі. Оқу – сенімділікті арттырып, стресті азайтады, жан дүниеңді байытады. Ғалымдар да адамзатты кітап оқуға шақырып, табиғи күйге оралу қажеттігін айтып дабыл қағуда. Оқу мен ізденудің бұдан бөлек те пайдасы ұшан-теңіз. «Қай заманда да кітап оқығандар, кітап оқымағандарды басқарады» деген сөз бар.

– Кітапханада оқырмандар белсенділігіне көңіліңіз тола ма? Аз ба, көп пе?

– Кітапханамызда тұрақты және жаңа оқырмандарымыз бар. Олардың саны жылдан жылға артып келеді. Болашақта адамдар кітап оқымайтын болады деген алып-қашпа әңгімелер бар. Бұл сөзбен келіспеймін. Қашан да кітапты іздейтін адамдар болады. Адамның өмірге келгендегі негізгі миссиясы – білім алу, ол білімі кітап болып қала бермек.

– Сұхбатыңызға рахмет. Тағы да мерекеңізбен!

Тілдескен Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 1459 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет