Бейсенбі, 16 Наурыз 2023 12:55

Азаматтарды қолдау жүйелі жүзеге асуда

Кез келген мемлекетте әлеуметтік саланы дамыту, әсіресе, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, аз қамтылған отбасыларға қолұшын созу – негізгі міндеттердің бірі. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев еліміздегі әлеуметтік салаларды дамыту бойынша реформалар жасап, халықтың тұрмыс-тіршілігін арттыруға күш салуда. Ауданымызда да бұл сала бойынша нақты жұмыстар атқарылып, әлеуметтік жағынан аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, зейнеткерлер, ардагерлер мен көпбалалы аналарға мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетілуде.

Әрине, ауданымыз ауқымды болғандықтан әлеуметтік әлжуаз топтарға жататын азаматтар санының жоғары болуы да заңдылық. Ағымдағы жылдың 1 ақпанындағы мәлімет бойынша Еңбекшіқазақ ауданында 6 647 мүгедек азамат бар. Оның ішінде 16 жасқа дейінгі балалар саны 1 190. 31 601 зейнеткер мен 8 498 көпбалалы отбасы және 3 764 «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері тіркелген.

Мемлекет басшысының әлеуметтік салаға жасаған реформаларының нәтижесінде жоғарыда аталған азаматтарға мемлекет тарапынан жасалатын қамқорлық жыл сайын артып келеді. Айталық, бұрындары атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасында тәрбиеленетін 6 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік себет (соц. пакет) тағайындалатын. Қазіргі таңда 6 жасқа дейінгі әр балаға 1,5 АЕК көлемінде ақша төленеді. Бұл көптеген ата-аналардың сұрайы бойынша жүзеге асты. Осы бағытта 3 130 балаға кепілдендірілген әлеуметтік топтама үшін ақшалай қаражат төленді.

Сонымен қатар, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы ағымдағы жылдың 1 наурызына дейін отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табыстары кедейлік шегінен төмен болатын 1 914 отбасына 268,8 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Аталған әлеуметтік көмекпен 10 332 адам қамтылды.

Науқас азаматтар да мемлекет назарынан тыс қалған емес. Оларды оңалтуға, емдеуге барынша жағдай жасалып, кедергісіз сапалы білім алуына қолдау көрсетілуде. Айталық, ағымдағы жылы туберкулезбен ауыратын адамдарға қолдау көрсету мақсатында 109 адамға 3,2 млн теңге, індетке шалдыққан балалардың 16 қамқоршысына 2,5 млн теңге, 282 мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге 7,7 млн теңге қаржы жұмсалды. Сондай-ақ, тұрмысы нашар 455 отбасындағы балалардың балабақшамен қамтыуына 16 млн теңге бөлінді.

Әлеуметтік қолдауды аса қажет ететін азаматтардың қажетті құралдармен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі жүргізілуде. 428 ортопедиялық құралдарға өтініш берілген болатын. Оның 128-і азаматтарға табысталды. Сонымен қатар, сурдотехникалық құралдарға 50 өтініш қабылданып, 34 азаматқа сурдотехникалық құралдар табысталды. Тифлотехникалық құралдарға 76 өтініш түсіп, 48-і мұқтаж азаматтарға берілді. 62 қоларбаға өтініш қабылданып, 35 кресло-арба мүмкіндігі шектеулі адамдарға үлестірілді. Оған қоса, 879 гигиеналық құралдар алуға өтініш қабылданып, 614-і өтініш иелеріне табысталды.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың қажеттілігін өтеу мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жоғарыда аталған жұмыстардан бөлек, мүгедек азаматтарды қолдауға, оңалтуға барлық жағдай жасалуда. Республикалық санаторлық-курорттық пансионаттарда ем алуға 713 өтініш түсті. Бүгінгі таңда 51 азаматқа пансионатқа жолдама беріліп, ем қабылдады. Сонымен бірге, жеке көмекшіні қажет ететін мүгедек жандарға 355 маман жұмылдырылды. Олардың қызметіне 67,9 млн теңге төленді.

Жалпы алғанда, қай қоғамда болмасын мүкіндігі шектеулі азаматтар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға қолұшын созу – мемлекеттің басты міндеті. Президентіміз Қ.Тоқаевтың тапсырмасына, енгізген реформаларына сәйкес, елімізде аталған азаматтарға көрсетілетін көмек көлемі жыл сайын артып, олардың қоғамда кедергісіз жүріп-тұруына барлық жағдай жасалуда. Бұл жұмыстар жүйелі жалғасын таба бермек.

Қ.АЙСИНА,

Еңбекшіқазақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

Оқылды 26669 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Шаңғышылар жарысты Алмалылықтар алда »

Соңғы жаңалықтар

Там 21, 2025

Қатерлі қарудың қасіреті

Кеңестер одағынан қалған Семей ядролық полигоны қазақ халқының маңдайына біткен сорының…
Там 21, 2025

Ұлт рухының ұлағатты шамшырағы

«Оян, қазақ!» деп ұйқыдан оятқан тұлғалар тарихта сирек. Бірақ тарих – жүрекке жүк артқан…
Там 21, 2025

Алау мінез Алханбек

«Еңбекшіқазақ» аудандық газетінің «атасы» – «Үлгілі колхоздың» 1953-1957 жылдардағы…
Там 21, 2025

Алматы облысында 1 қыркүйекте…

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мыңға артық. Алғаш рет мектеп табалдырығын 30 мыңнан…
Там 21, 2025

Ауданымыз газет атымен аталған

«Ұрыстан кейін шаршап, қалжыраған солдаттар дем алмастан қала ішінде жарылған бомба мен…
Там 21, 2025

Бүгінгі жас - жарқын болашақтың…

Әр заманда өз елінің болашағы үшін қызмет ететін ұлы ақын Абайдай, «Оян, қазақ» деп…
Там 21, 2025

Президенттің 2024 жылғы Жолдауын…

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика…
Там 21, 2025

Еңбекшіқазақ ауданында отбасы…

Еңбекшіқазақ ауданында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында “Отбасылық және гендерлік…
Там 20, 2025

Нитраты көп көкөністерден сақтаныңыз!

Еліміздің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметімен сатылымдағы (дүкен сөрелері,…

Күнтiзбе

« Тамыз 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет