Сәрсенбі, 29 Наурыз 2023 14:42

Жаңа мақсаттар жүзеге асады

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, жаңа сайланған депутаттардың ел игілігі үшін жұмыс жасайтынына сенім білдірді. Сонымен қатар, халық қалаулылары саяси реформаларды жүзеге асыруға, халықтың әл-ауқатын арттыруға, мемлекетті дамытуға барын салу керектігін атап өтті.

Рас, бұл сайлау бұрынғыдан өзгешерек болды. Ел үшін еңбек етуге мүдделі азаматтар өздерінің кандидатураларын ұсынып, жұртшылықтың қолдауына ие болғандар жеңіске жетті. Ендігі міндет – ел артқан сенімнің үдесінен шығу.

Парламент пен мәслихаттарды партиялық тізім мен бір мандатты округ бойынша жасақтаудың тың тәсілдері іске қосылды. Бұл тәсілдің енгізілетіні туралы Президент өз Жолдауында айтқан болатын.

Партиялар арасындағы бәсекелестік елдегі саяси жүйенің күшеюіне серпін берсе, өзін-өзі ұсынушыларға да осындай мүмкіндіктің берілуі ел ішінен халқының игілігі үшін жұмыс істеуге мүдделі азаматтардың көптеп шығуына мұрындық болды. Демек, елінің ертеңі үшін еңбек етуге бейілді ұлтжанды, жанашыр азаматтардың саны арта бермек бұдан былай. Алда болатын сайлауларда да бағын сынап көру үшін олар қазірден бастап елдің сеніміне ие болуға, сол үшін халықтың проблемаларын барынша көтеруге тырысатын болады. Бұл да жаңа реформаның, әділетті, демократиялы жаңа Қазақстанның саяси, әлеуметтік, экономикалық жаңғыруының жемісі.

Осындай бәсекелестіктің нәтижесінде, өздерінің сайлауалды бағдарламалары арқылы тұрғындардың көңілінен шыққан 28 депутат аудандық мәслихатқа сайланды. Алдағы уақытта ауданымызды дамытуға бағытталған тың идеялар болары сөзсіз. Себебі, мәслихатқа түрлі сала өкілдері мен жетекшілері сайланып, өңірді дамытуға бағытталған шараларды жүйелі жалғастыруға зор мүмкіндік туып отыр. Білім беру, фармацевтика салалары мен кәсіпкер, журналист, құрылысшы, ауылшаруашылығы, өндіріс, мәдениет саласының өкілдері халық қалаулысы атанды.

Елім дейтін, жұрт қамын жейтін асыл азаматтардың ел ішінен шығатыны белгілі. Осыны ескерген Қ. Тоқаев өзінің саяси реформаларында қарапайым азаматтардың саяси билік басына келуіне жағдай жасады. Ол үшін сайлау жүйесіне айтарлықтай өзгерістер енгізілді.

Биылғы сайлаудың нәтижесінде мәжілістің жаңа құрамы жетпіс пайызға жаңарды. Демек, жаңаша ойлайтын, елдегі мәселелерді жаңаша көре білетін және жаңаша көзқараспен шеше білетін азаматтар билік басына келді. Оның ішінде жалынды жастар да баршылық. Демек, еліміздің саяси жүйесі барынша жаңарып, жаңғырғанын білдіреді бұл көрсеткіш. Әрі түрлі партия өкілдерінің сайлануы халықтың мұң-мұқтажын ескеріп, елеулі мәселелерін шешуде пікір алуандығы мен жан-жақты тәсілдердің барынша қамтылатынын көрсетеді.

Бекет АХМЕТОВ,

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаты.

Оқылды 620 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 26, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 26, 2025

Бір тіл – бір әлем

Әр адам өзінің өмір жолын немен байланыстыратыны тек өз еркінде. Алдына мақсат қойып,…
Қар 26, 2025

Чемпиондық рух

 Саламатты өмір салты - адамның басты байлығы – денсаулықты күтуге, дұрыс өмір сүруге…
Қар 24, 2025

Ауыз су сапасына қойылатын талаптар

 Адам өмірінің басты тіршілік көзі — су. Су адам ағзасының шамамен 60–70%-ын құрайды және…
Қар 24, 2025

Терінің жұқпалы саңырауқұлақ аурулары

Терінің саңырауқұлақ аурулары – теріні, тырнақты және шашты зақымдайтын саңырауқұлақтан…
Қар 24, 2025

Мемлекеттік бақылау және қадағалау…

Мемлекеттік бақылау және қадағалау — қоғамдағы қауіпсіздік, сапа, құқықтық тәртіп және…
Қар 20, 2025

Тұрақтылықтың стратегиялық бағдары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының ішкі саясатының…
Қар 19, 2025

Ғажайып дәрілерге сенеміз бе?

Соңғы жылдары Қазақстанда халық денсаулығын тез жақсартуды уәде ететін, түрлі атаумен…
Қар 19, 2025

Ғасырлар үні: Қазақ тілінің даму…

Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани өзегі. Ол ұлттың дүниетанымын, мәдениетін, тарихын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет