Сәрсенбі, 29 Наурыз 2023 14:43

Ауқымды істер атқарылады деп сенеміз

Бүгінде Президенттіміз Жаңа Қазақстан құру тұжырымын нақты іс жүзіне асыру мүмкін екенін көрсетті. Мемлекет басшысы ұсынған реформаларда өркениетті қоғам мен демократиялы мемлекет құрудың барлық озық үлгілері үйлесім тапқаны анық. Өткен жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында: «Қазіргі геосаяси жағдайда біз мемлекеттілігімізді біртіндеп нығайтып, реформалар мен жаңару бағдарын нық ұстануымыз қажет. Барынша мұқият әрекет жасап, еліміздің ұзақ мерзімді мүддесіне сай жұмыс жүргізуіміз керек. Реформалардың қазіргі қарқынын сақтау, саяси мәселелердің бәрін кейінге қалдырмай шешу аса маңызды. Ол үшін алдағы сайлау кезеңдерін тиімді жоспарлау қажет», – деген болатын.

19 наурызда  өткен Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы соның нақты көрінісі болды. Сайлауда халықтың қатаң сараптауынан өткендер енді өздерінің пәрменділігі мен елді дамыту жолындағы қажыр-қайратын барынша көрсетуі тиіс.

Мәжілістің VIII шақырылымына сайланған депутаттар жаңа реформаларды жүзеге асыруды жалғастыруға жұмыла кіріседі деген ойдамын. Парламент пен мәслихаттарды партиялық тізім мен бір мандатты округ бойынша жасақтаудың тың тәсілдері іске қосылды. Бұл тәсілдің енгізілетіні туралы Президент жолдауында айтқан болатын. Бұл үдеріс, әсіресе, ауылдағы халықтың проблемаларын барынша оңтайлы шешуге орай туғызатыны шындық. Жаңа жасақталған Мәжіліс құрамында Дәулет Тұрлыханов, Ардақ Назаров сынды спорт саңлақтары бар. Олар еліміздің спорт саласын жаңа белеске көтеруге мүмкіндік беретін ауқымды істердің атқарылуына бастамашы болады деп сенеміз.

Қалай десекте, дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі. Рас, денсаулығы мықты адам қоғамға мол пайда әкелетіні сөзсіз. Ал денсаулықты сақтаудың бірден-бір жолы – спортпен шұғылдану. Әрине, спорттық инфрақұрылымдардың жаңа заман ағымына сай бой көтеріп, спорт залдар жасөспірімдермен толыға бастауы көңілді қуантпай қоймайды. Өйткені спорт пен дансауылыққа көңіл бөлген қоғамда  жаман әдет пен әрекеттерге орын болмасы анық. Қуатты ел құру үшін ұлт саулығы айырықша маңыз алады. Ел президенті VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде: «Қазір саламатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамыту – айырықша маңызды. Әсіресе, балалардың спортпен айналысуына жағдай жасау қажат. Мұның бәрі халықтың денсаулығын жақсартуға мүмкіндік береді», – деп атап көрсетті.

Кәсіби спортшы ретінде жаңа жасақталған  Парламент Мәжілісінің депутаттары бұл бағытта келелі іс тындырады деп сенемін.

Елмұрат ҚАЙЫПЖАНОВ,

Әлем Кубогының жеңімпазы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Шелектегі спорт мектебінің директоры.

Оқылды 621 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 26, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 26, 2025

Бір тіл – бір әлем

Әр адам өзінің өмір жолын немен байланыстыратыны тек өз еркінде. Алдына мақсат қойып,…
Қар 26, 2025

Чемпиондық рух

 Саламатты өмір салты - адамның басты байлығы – денсаулықты күтуге, дұрыс өмір сүруге…
Қар 24, 2025

Ауыз су сапасына қойылатын талаптар

 Адам өмірінің басты тіршілік көзі — су. Су адам ағзасының шамамен 60–70%-ын құрайды және…
Қар 24, 2025

Терінің жұқпалы саңырауқұлақ аурулары

Терінің саңырауқұлақ аурулары – теріні, тырнақты және шашты зақымдайтын саңырауқұлақтан…
Қар 24, 2025

Мемлекеттік бақылау және қадағалау…

Мемлекеттік бақылау және қадағалау — қоғамдағы қауіпсіздік, сапа, құқықтық тәртіп және…
Қар 20, 2025

Тұрақтылықтың стратегиялық бағдары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының ішкі саясатының…
Қар 19, 2025

Ғажайып дәрілерге сенеміз бе?

Соңғы жылдары Қазақстанда халық денсаулығын тез жақсартуды уәде ететін, түрлі атаумен…
Қар 19, 2025

Ғасырлар үні: Қазақ тілінің даму…

Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани өзегі. Ол ұлттың дүниетанымын, мәдениетін, тарихын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет