Сейсенбі, 04 Сәуір 2023 15:24

Үкімет тарапынан оңтайлы шешім қабылданбақ

Күні кеше ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингте елдегі жанар жағармай және дизель бағасының өсетіні туралы мәлімдеме жасаған болатын. Энергетика министрінің сөзінше, соңғы 5 жылда елімізде бензин шығару көлемі 70%-ға (3 млн тоннадан 5 млн тоннаға дейін), дизель отыны 30%-ға өскен (4 млн тоннадан 5,2 млн тоннаға дейін).

Дейтұрғанымен, Қазақстаның  бірқатар өңірлерінде дизель тапшылығы туындап отыр. Нақты мәліметке жүгінер болсақ, еліміз қысқа уақыт аралғында 350 мың тонна көлеміндегі дефицитті (қысқы ДТ қоспағанда) қымбат бағадағы импорттық отынмен жабуға мәжбүр болыпты. Оның үстіне,  экономикаға маңызды өнеркәсіп секторы болып саналатын тау-кен метталлургия кешені және темір жол салаларының тұтыну көлемі сол қалпында қалғаны тағы бар.

Қазақстанда дизель отыны тапшылығының басты себебі – бағадағы диспропорция. Отандық отын бағасы көрші елдермен салыстырғанда айтарлықтай арзан. Қазақстан – әлемдегі жанармайы арзан он елдің қатарында екен. Нақты мәліметтерге  көз салар  болсақ,  Ресейде дизель бағасы орташа есеппен литріне 345 теңге, біздегі нарық бағасынан 45%-ға қымбат. Қырғызстандағы баға 64%-ға жоғары, яғни литріне 390 теңге, Өзбекстандағы баға бізбен салыстырғанда екі есеге қымбат – литріне 480 теңге екен.

– Бұл жағдай сақтала берсе, онсыз да шетел асып отырған қазақстандық дизельдің көлемі арта түсіп, биылдың өзінде 850 мың тонна дефицитке тап болуымыз мүмкін. Аталған себептерге байланысты Қазақстан арзан отынмен басқа елдердің экономикасын субсидияландырып, өз ұлттық мүддесіне зияны тиіп жатыр деп айтуға толық негіз бар, –  дейді Энергетика министрі Болат Ақшолақов.

Қазір ішкі нарықтағы жанармай жағдайын тұрақтандыру үшін еліміз көрші елдермен салыстырғандағы бағадағы айырмашылықты төмендету қолға алынбақ.  Анығын айтсақ, АИ-92 и АИ-93 маркалы бензинге бағаны литріне 182-187 теңгеден 205 теңге қылу (өңірге байланысты), өсім – 11%; дизель отынының бағасын литріне – 295 теңгеге, орташа есеппен өсім – 20%. Қазір өңірге байланысты баға 230 теңгеден 260 теңгеге дейін болады. Осылайша бензин мен дизель бағасын реттеуге үкімет тарабынан оңтайлы шешім қабылданбақ.

Ерзат АСЫЛ,

тілші, «Еңбекшіқазақ» газеті.

 

Оқылды 657 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Все флаги мира в гости к нам! Цены на ГСМ вырастут »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет