Дүйсенбі, 10 Сәуір 2023 15:36

Дамуға бағытталған жүйелі жұмыстар жалғасын табады

19 наурызда өткен ауқымды саяси науқанда ел сенімін арқалап, халық қалаулысы атанған аудандық мәслихат депутаттарының алғашқы жиыны өтті аудан әкімдігінде. Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қаулысымен аудандық мәслихаттың VІІІ шақырылымының бірінші сессиясы өткен аптада шақырылды.

Жиынға аудан әкімі Алтай Досумбаев, орынбасарлары, басқарма, бөлім басшылары мен округ әкімдері қатысты. Сайлау комиссиясының төрағасы Ержан Әмірденов сайлау қорытындысымен таныстыра отырып, жаңадан сайланған депутаттарға төсбелгі мен куәліктерін табыстап, сәттілік тіледі.

Әржан Әмірденұлының айтуынша, аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 182 987 азамат енгізіліп, оның ішінде 112 264 немесе 61,4 пайызы сайлау бюллетеньдерін алған. Сайлауға 28 сайлау округі бойынша 65 үміткер қатысып, сайлаушылар дауысының басым дауысын жинаған 28 азамат Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың VІІІ шақырылымына депутат болып сайланды.

Отырыстың күн тәртібінде қаралған бірінші мәселе бойынша, мәслихат төрағасы лауазымына «Парасат» орденінің иегері, Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы Бекет Ахметов ұсынылып, ашық дауыс беру арқылы депутаттар бірауыздан сайлады.

Бекет Төлегенұлы өзінің құттықтау сөзін жеткізіп, алдыға қойылған мақсат-міндеттер мен бағдарлы жұмыстарға тоқталды. Алдағы 5 жылдықтағы ортақ жұмысты жоғары дәрежеде бірге атқаруға шақырып, қатысушыларға табыс тіледі.

– Біздің мақсатымыз бір, ол халықтың сенімін ақтап, аудан игілігі үшін бағытталған әрбір бастамаларды алдағы уақытқа нақты әрі нәтижелі іске асыру және осы мақсатымызды әрдайым назарларымыздан шығармауымыз қажет, – деп сөзін қорытындылады.

Бекет Төлегенұлының төрағалығымен өткен сессия отырысының қалған бөлігінде VIІІ шақырылған Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың төрт тұрақты комиссия-сы құрылып, құрам саны анықталып, төрағалары сайланды, 2023 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді және «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясы тіркелді.

Сессия отырысында аудан әкімі Алтай Машикұлы қорытынды сөз сөйледі:

– Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымының депутаты болып сайлануларыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы барлық бастамаларыңызға табыс тілеймін. Ендігі кезекте, біз еліміздің, ауданымыздың дамуы үшін бар күш-жігерімізбен бірлесе аянбай жұмыс жасай отырып, мемлекет басшысының сындарлы саясатына негізделген бастамаларға қолдау көрсетіп, іргелі істердің ұйытқысы боламыз деген сенімдемін. Біздің қуатымыз – бірлікте. Алдағы уақытта берекесі мен бірлігі жарасқан аудан ретінде бар күш-жігерімізді сала отырып, алдымызға қойған міндеттерді бір кісідей атқаруымыз керек, – деп жаңа шақырылымның депутаттарын құттықтап, барлық бастамаларына табыс тіледі.

С.НҰРАДИН.

Оқылды 608 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет