Дүйсенбі, 10 Сәуір 2023 15:46

АХМЕТОВ Бекет Төлегенұлы VІІІ шақырылған Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың төрағасы болып сайланды

2023 жылдың 30 наурызында өткен аудандық мәслихаттың бірінші сессиясында мәслихат төрағасы лауазымына Ахметов Бекет Төлегенұлы ұсынылып, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 1-тармағына сәйкес, депутаттар қолдау көрсетіп, ашық дауыс беру арқылы бірауыздан сайлады.

Ахметов Бекет Төлегенұлы 1961 жылы 4 қарашада Еңбекшіқазақ ауданы, Қазатком ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келген.

Жоғары білімді, 1986 жылы Қазақтың дене тәрбиесі институтын «Дене тәрбиесі және бұқаралық жұмыстар мен туризмді ұйымдастырушы» мамандығы бойынша, 2006 жылы Экономика және құқық академиясын «Қаржы экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Алғашқы еңбек жолын 1980 жылы «Транссельхозхимия» автокөлік кәсіпорынында қарапайым дәнекерлеуші ретінде бастаған. Кейіннен мұғалім, директордың орынбасары, А.Бубенцов және Абылай хан атындағы орта мектептердің директоры, Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімінің бастығы, аудан әкімінің кеңесшісі, аудан әкімінің орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.

VІ және VІІ шақырылған Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың депутаты және мәслихат хатшысы болып сайланып, өз міндетін абыроймен атқарды. 40 жылдан астам уақыт бойы еңбек етіп, ауданымыздың дамуына өзіндік үлесін қосып келе жатыр.

Жүріп өткен еңбек жолында жеткен жетістіктері мен өңіріміздің дамуына қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», «Ыбырай Алтынсарин атындағы» төсбелігілерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Парасат» орденімен марапатталған. Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы.

Бүгінде өркен жайған алып бәйтеректей үлкен бір әулеттің отағасы, ақылшы тірегі, арқа сүйері ретінде 6 бала тәрбиелеп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған ардақты әке.

Оқылды 829 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет