Бейсенбі, 13 Сәуір 2023 10:01

Ауқымды жобалар аудан әлеуетін арттырмақ

Өткен аптада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов іссапармен ауданымызда болып, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы саласының мәселелерімен танысты. Өңіріміздегі сапары аясында «Ауыл аманаты», «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту», «Жайлы мектеп» ұлттық жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысты.

Вице-Премьер Алтай Көлгінов ең алдымен Рахат №1 орта мектебіне ат басын бұрып, онда білім саласының өкілдерімен кездесіп, түрлі түйіткілдер төңгірегінде ой бөлісті. Ұстаздар қауымы облысымыз бен ауданымыздағы білім беру саласында атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырып, кәсіби біліктілікті арттыру жолында қолға алынып жатқан жобаларды тілге тиек етті. Облыстық білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаеваның мәліме-тінше, өңірде демографиялық өсім мен ішкі миграцияға байланысты жыл сайын оқушылар саны 13-15 мыңға артып отырады, 1 сыныпқа жылына 35-40 мыңға дейін бүлдіршін қабылданады. Нәтижесінде үш ауысымда білім беру мен орын тапшылығы проблемасы – білім саласындағы өзекті мәселе болып отыр. Облыста жалпы білім беретін 52 мектеп үш ауысымда жұмыс жасап жатыр, ол барлық мектептердің 12 пайызын құрайды.

– «Жайлы мектеп» жобасы аясында 63 мектеп салынбақ. Биыл 28 мектептің құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау үшін республикалық бюджеттен 59 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Биыл «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде Еңбекшіқазақ ауданында 5 мектептің құрылысы басталады.  Сондай-ақ 2023 жылы «Верный капитал» компаниясы 1800 балаға арналған 2 мектептің құрылысын жүргізетін болады, – деді басқарма басшысы Салтанат Беспаева.

Өз кезегінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов Республикадағы үш ауысымды мектептердің 3/1 бөлігі осы облысқа тән екенін, аталған  мәселенің расымен өзекті екенін айтты.

«Егер республикада 140-тан астам үш ауысымды мектеп болса, соның 52-сі Алматы облысында. Бұл мәселе тікелей білім беру сапасына әсер етеді. Облыста «Жайлы мектеп» жобасы аясында да, республикалық, жергілікті бюджеттен де мектептер салынады.

Сонда біз үш ауысымды мектеп түйіткілін шешеміз. Егер «Жайлы мектептер» салатын болсақ, мұғалімдер тапшылығы да мәселе болады. Келесі жылдан бастап аудандарға, ауылдарға жұмысқа келетін мамандарға көтерме ақы 10 миллион теңгеге дейін өседі. Демек, біз мектептер салынып болғанға дейін мұғалімдерді дайындауымыз қажет, оларды басқаратын директорлар болуы керек, олардың біліктілігін арттыру қажет.

Білім саласы бойынша арнайы жоспар жасап бекітіп, Үкіметке, тиісті министрлікке ұсыныңыздар, жергілікті бюджеттің әлеуеті жайлы да ақпарат беріңіздер», – деді Алтай Көлгінов. Бұдан бөлек, Алтай Көлгінов елімізде 7 жылдың ішінде 7000 кабинет модификацияланып, зертханалық сабақтар өту үшін жағдай жасалатынын да атап өтті.

Өткен  жылдары барша әлем коронавирустан зардап шеккен сын сағатта ел медицинаға үміт артты. Аудандық көпсалалы аурухананы көзден кешірген Алтай Сейдірұлына аурухана басшысы Жамиля Абеуова өңірдің денсаулық сақтау жүйесін дамытудың басты бағыттары және тиісті мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы баяндады. Алтай Көлгінов қазір елімізде «Ауылдық денсаулық сақтауды  жаңғырту» жобасы аясында емдеу саласына зор қолдау көрсетіліп жатқандығын, бұл саладағы түрлі мәселелердің жақын арада оң шешім табатындығын сөз етті. Барлық құрал-жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен қамтылған бөлімшелерді аралаған Премьер-Министрдің орынбасары аурухана қызметіне жоғары баға беріп, ақ халатты абзал жандарға алғыс айтып, жұмыстарына табыс тіледі.

Келесі қадамда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов «Адал» агрокешенінің өкілдерімен кездесіп, «Ауыл аманаты» жобасы жайлы сөз қозғады. Ең әуелі облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылу барысына тоқталды. 

– Бұл жоба бойынша облысқа 9 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Өңірдегі бірқатар ауылда бағдарлама пилоттық режимде іске аспақ. Біз өз тарапымыздан нақты шаруашылықтарға тез арада қаржыны берудің негізгі жолдарын қарастырып қойдық, – деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев. Өз кезегінде Алтай Көлгінов республика тұрғындарының жартысы ауылдық жерде тұратынын, соған орай, Мемлекет басшысы сайлаудан кейін «Ауыл аманаты» жобасын іске қосқанын айтты. «Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – азаматтарға өз кәсібін ашуға мүмкіндік беру. Жобаны жүзеге асыру үшін республика бойынша 1 трлн теңге қаражат бөлінді», – деді Алтай Сейдірұлы.

Вице-Премьердің мәліметінше, «Ауыл аманаты» шеңберінде шаруаларға 8 млн 600 мың теңгеге дейін 2,5 пайыздық үстемемен қаржы беріледі. Егер шаруалар бірігіп, кооперация құрса, 27 млн теңгеге дейін ақшалай қолдау алуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ олар қажетті техника алатын болса, негізгі сомасының 50 пайызына мемлекет тарапынан субсидия беріледі.

– Алматы облысы – ауыл шаруашылығына қолайлы аймақ. Осы мүмкіндікті құр жібермей әрекет етіңіздер. Өйткені пайыздық мөлшерлеме төмен. Басты шарт – кепілге қоятын мүлкіңіз болуы керек. Себебі, алған қаражатты мемлекетке қайтарасыздар, – деді Алтай Көлгінов. Кездесуге келген шаруалар алма бағын салуды, көкөніс өсіру, ірі қара мал басын көбейтуді көздейтіндерін айтты. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов облыс әкіміне құжаттары талапқа сай келген өтінім берген ша-руаларға қаражатты тездетіп беруді тапсырды.

Сапар соңында Алтай Сейдірұлы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев және аудан әкімі Алтай Досумбаевпен «Адал» агрокешеннің өндіріс ошағына бас сұқты. Бүгінде кәсіпорын күніне 100 тонна сүт қабылдап, одан 54 түрлі  сүт өнімдерін өндіреді. Таза да табиғи сүт өнімдерінің 80 пайызы ішкі нарыққа, ал 20 пайызы экспортқа шығарылады.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 471 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…
Қар 21, 2024

«Атамекен» приглашает к диалогу

Национальная палата предпринимателей «Атамекен» Алматинской области выступила инициатором…
Қар 21, 2024

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау.…
Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…
Қар 14, 2024

ҚМА еріктілер қозғалысының…

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет