Бейсенбі, 13 Сәуір 2023 10:58

Үміт бар, күдік те көп...

Диқандардың дегбірін қашырған су мәселесі жылда «жырға» айналып, ортақ тілге келетін оң шешімі табылмай жүргені жасырын емес. Шаруа қожалықтарының шаруасын шайқалтпайтын қандай шара бар? Шаруалар шарасыздықтан әбден шаршады. «Күлтөбенің басында күнде жиын» демекші, шаруалардың жанына бататыны – шешімі жоқ жылдағы жиын. Кезінде 5 ауданды сумен қамтитын Д.Қонаев атындағы үлкен Алматы каналы (БАК) қазіргі таңда Еңбекшіқазақ пен Талғар ауданының игілігіне жарауда. Сонда да дау-дамай таусылар емес. Енді қайтпек керек?

Сәуір айының басында Шелек ауылдық округі әкімдігінің мәжіліс залында ауыл әкімдері, кооператив төрағалары мен шаруа қожалықтыры су мәселесі жайлы кезекті бас қосқан жиын болды. Бұл жолы нақты шешім табылған сияқты. Ол – Алматы облыстық су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық мекемесінің құрылғаны. Жиынды бастаған аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Бименов шаруагерлердің мәселесін шешу үшін осы мекеме құрылғанын, енді бірлесіп жұмыс жүргізетінін, арнайы штат, қаржы  бөлініп, осы әкімшілік ғимаратынан кабинет берілетінін, бұл мекеме 18 округтің  ішкі су жүйесін түгелдей жөндеуден өткізетінін, арнайы техникамен де қамтамасыз етілетіндігі жайлы жақсы жаңалықты жеткізіп, мекеме басшысымен таныстырды.

Облыстық су шаруашылығы мекемесінің басшысы Бауыржан Ойшынов сөз сөйлеп, шаруа қожалықтарымен келісім шартқа отыратынын, келесі жұмыс аптасынан бастап іске кірісетінін, жұмысқа адамдар қабылдайтынын, су 15 сәуірден бастап беріле бастайтынын, мемлекет бюджетінен қаржы бөлініп, арық жүйелерін талапқа сай, су шығынын болдырмайтындай қалыпқа келтіретінін, қазірдің өзінде 445 млн теңге қаражат бөлінгенін, ең алдымен жері тастақ алты окруктің ішкі арық жүйелерін жасауды қолға алатынын, тариф былтырғыдай қалатынын айтып, жұмыс барысынан хабардар етті.

Облыс тарапынан болған бұл оң өзгеріс түйінді мәселенің шешімін табатынына үміт бар. Бұл салаға бюджеттен бірінші рет қаржы бөлініп отыр. Олай болса, әбден тозығы жеткен арық жүйесі қалпына келері сөзсіз. Сондай-ақ ҮАК-мен де келісім шартқа отыратыны айтылды. Бартоғай су қоймасында 290 млн текше метр су сақтаулы, тиісті техникамен көмектесетіні сөз болды.

Дей тұрғанмен, шаруа қожайындары жылда «жырға» айналған уақтылы су берілмейтіні, арық жүйесінің әбден тозуы, бөлінген судың жартысы шығын болатыны, 2020 жылы егіннің ыстықтан күйіп кетіп, шығынға батқаны, былтыр суға қарызға белшеден батқаны (160 млн теңге шамасында қарыз) жайлы жанға батқан жағдайлардан жапа шеккеннен, күдіктерін де жасырмай айтып, сан сұрақтардың астына алды. Бірі бұрын бес ауданға толық жететін, арықтардан ағыл-тегіл ағып жататын судың енді бірлі-екілі ауданға жетпейтініне күмән келтірсе, бірі ҮАК-мен жұмыс істегілері келмейтінін, тағы бірі шығын суды кім төлейді, күйген егіннің шығынына кім жауап беретіндігі жайлы сан алуан сұрақтарын қойды. Бұл сұрақтарға аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Ермек Жакеев, Д.Қонаев атындағы ҮАК-ның директоры Мейрам Арыстанов, аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Бименов жауап берді. Енді шаруалар мемлекеттік мекеменің қайырын күтеді. Лайым жақсылық болғай деген оймен тарасты дихандар қауымы.

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 786 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 24, 2026

Бүгін Конституциялық реформалар…

Іс-шара әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда: ?consot_kz ?constcouncil.kz…
Қаң 24, 2026

Сегодня состоится первое заседание…

Мероприятие будет транслироваться в прямом эфире на официальных страницах в социальных…
Қаң 22, 2026

Отан жолында опат болған жеті…

Әлемде қиындық пен қасіретті, қорлық пен қиянатты көп көрген екі ұлт болса соның бірі –…
Қаң 22, 2026

Спортивные достижения юных …

Второй год работает в селе Байтерек детский футбольный клуб АL* stars. Занимаются в нём…
Қаң 22, 2026

Жас әртістер қойылымы

Ақбастау орта мектебінде «Бастауыш» әдістемелік бірлестігінің «Ертегілер елінде» оқу…
Қаң 22, 2026

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Балалық шақ… Бұл сөзді естігенде көз алдымызға күннің жұмсақ сәулесіне шағылысқан, асыр…
Қаң 22, 2026

Отбасы мен бала тәрбиесіне көңіл…

Отбасы – мейірім мен махаббат мекені әрі кішкентай періштелердің қауіпсіз, жылы орны.…
Қаң 22, 2026

Рух пен сөз күші

Алланың маған берген ерекше дарыны мені шығармашылыққа ерте жастан жетеледі. Бала…
Қаң 22, 2026

Ғасыр адамы

12 қаңтар көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, техника ғылымдарының докторы,…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет