Бейсенбі, 13 Сәуір 2023 11:02

Халық қалаулылары халық арасында

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру үшін тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнату өте маңызды. Мұны дұрыс түсініп, елмен етене араласа білген мәслихат депутаттары бұған дейін де өздерінің округтерінде қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып, азаматтарға барынша демеу болып, қызмет етіп жүрген саланың тасын өрге домалатып, бар күш-қайратын арнап жүр деп сеніммен айтуға болады. Ендігі кезекте, артқан сенімді арқалап, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың төрағасы Бекет Ахметов пен сегізінші шақырылымының депутаттары қоғамдық бастамадағы өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін ілкімді істердің тамырына бойлап, білек сыбана еңбек ету үшін алғашқы жұмыстарын әрбір ауылдық округ аумағында тұрғындармен кездесуден бастады.

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылым депутаттарының жұмысы алдағы бес жылда жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып әрбір депутаттың сайлауалды бағдарламасында айтылған және тұрғындардан түскен ұсыныстар мен сын-ескертулер негізінде оң нәтижеге қол жеткізуге негізделген. Сондықтан кездесу барысында негізгі күн тәртібіне сәйкес әрбір ауылдық округ аумағынан сайланған депутаттар алдағы жоспарларымен бөлісіп, туындап отырған негізгі мәселелерді талқылап, тұрғындардың ұсыныстарына құлақ асты.

Басқосуларда тұрғындар тарапынан әлеуметтік тұрғыдан аса маңызды мәселелер көтерілді. Айталық, жаңа мектептер мен дәрігерлік амбулаторияларды, мәдени нысандарды салу денсаулық сақтау және білім беру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту, ескірген және бейімделген, үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу, әлеуметтік нысандарды жаңартып, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту, ауылдарды абаттандыру және бөлінген қаражатты нысаналы, тиімді игеру, жергілікті қауымдастықтың рөлін арттыру, сапалы ауызсумен, жолдармен, жарықпен қамтамасыз ету мақсатында елді мекендердегі инфрақұрылымдарды жаңарту, жайылымдық жер тапшылығының мәселесін шешу мен нысаналы мақсатта пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару, жергілікті атқарушы орагандардың мемлекеттік саясатты орындауда жауапкершілігін арттыру сияқты түйіткілді мәселелерді тиісті құзырлы органдарға жеткізе отырып, аталған мәселелердің оң шешімін табуға назар аудару маңыздылығы ескертілді.

Осы мақсатта мәслихат депутаттарынан құралған жұмыс тобының іссапары барысында анықталған түйіткілді мәселелерге талдау жасап, тиісті мекемелерге жүйелендірілген депутаттық сауал жолдауды және аудан әкімінің, құзырлы атқарушы орган басшыларының есептерін тыңдап, атқарылған жұмыстар бойынша нақты ұсыныстар жасау күн тәртібіне енгізілді.

Қазіргі таңда жұмыс тобының іссапар барысы бойынша қорытынды хаттамасы мен аудандық мәслихаттың ақпараттық баяндамасы пысықталып, депутаттық сауал дайындалуда.

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 815 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет