Дүйсенбі, 24 Сәуір 2023 15:27

Мейірімді отбасы – өнегенің ордасы

Отансүйгіштіктің бастау бұлағы – отбасы. Әсіресе бұрындары баланы ізгілікке баулу үрдісінде «Ата-әже институты» зор рөл атқарған еді. Атаның асыл өнегесін тыңдап, әженің аялы алақанында тәрбиеленген адамның күнделікті іс-әрекетінен де үлкен кісілердің аманатына адалдық менмұндалап көрініп тұрады. Бүгінде ұлттық мінезімізге там-тұмдап өзгеріс еніп, өзгелерге еліктеу белең алып жатқан уақытта жер тағдыры үшін алаңдайтын, ел келешегі үшін аянбайтын ұрпақ  тәрбиелеу бәрінен де маңызды екендігін уақыт айғақтады. Бұл мәселенің шешімін табуға әр отбасы өз үлесін қосуы шарт.

Жақында Рахат ауылдық округіндегі Бейімбет Майлин атындағы орта мектепте «Бірлігі мықты отбасы – болашақтың іргетасы» атты «Мерейлі отбасы» мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Аталған шараға облыстық аналар кеңесінің төрайымы Гүлнар Жошыбаева, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Роза Исатаева, округ әкімі Қайсар Богусбаев, округтің аналар кеңесінің төрайымы Райхан Жанбосынова, мерейлі отбасылардың мүшелері мен мектеп оқушылары қатысты. Рухани шара ауыл ақсақалы Абдвали Жұмахановтың ақ батасымен басталып, көңілді концертке ұласты. Онан кейін, Қазыбек, Әсения Кемалия, Жұмахановтар, Әділхан, Шайхов, Ерік әулеттері жиналған жұртқа отбасылық өнерлерін көрсетті. Әсіресе, Қазыбек отбасының алуан өрнекті кеселері мен Жұмахановтар әулетінің ағаштан жасалған ыдыс-аяқтары және Әсения Кемалия әулетінің спорттық жетістіктері көп көңілін аударды. Сонымен қоса «Мерейлі отбасылар» ең әуелі шараның «Отбасым – мақтанышым!» бөлімінде өз отбасы мүшелері мен ата-тектерін таныстырса, «Өнерлі отбасы өрге жүзеді» бөлімінде әуелетіп ән салып, жалындап жыр оқыды. Сонымен қоса әр отбасы өз ерекшеліктеріне сай бірі спорттан, бірі қолөнерден және кесте тігуден   шеберлік көрсетті.

«Отбасы дегеніміз, ол – әр адамның жылылық пен мейірімге толы киелі бесігі, қасиетті шаңырағы. Біздің киелі топырақта  ғасырлар бойы ұрпақ сабақтастығы жарасымды жалғасын тауып келеді. Ел ішінде құрметке бөленген, ардақты, өнегелі отбасылар баршылық. Олар сөз жоқ жас ұрпақ үшін өнер мен өнегенің мектебі. Біз бүгінгі шарадан  рухани ләззат алдық», – дейді облыстық аналар кеңесінің төрайымы Гүлнар Жошыбаева. Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Роза Омарқызы мен Рахат ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Райхан Жанбосынова шараны ұйымдастырушылар мен қатысушыларға ризашылығын білдірсе, округ әкімі Қайсар Богусбаев «Мерейлі отбасыларға» арнайы алғыс хат табыстап, олардың ауылдың бірлігі мен баянды  тірлігіне зор үлес қосып келе жатқандығын  жеткізді.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 1238 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет