Бейсенбі, 27 Сәуір 2023 10:27

Өтініштерді жүйелі қарау міндеттелді

Жақында аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасы мен  аудан әкімі аппаратының құжаттамамен қамтамасыз ету  және бақылау бөлімімен өткізген жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жүргізілген мониторниг қортындысына байланысты түсіндірме жиналысы өтті.

Аталған жиынға облыстық басқарманың аға прокурорлары Болат Кужабеков, Рамазан Махарадзе, Алмас Әділбек және аудан әкімі аппаратының басшысы Махат Мемельбеков төрағалық етті. Түсіндеріме шарасына аудан әкімі аппаратының  құжаттамамен қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы Әсел Маратқызы мен аталған бөлімінің бас мамандары, Есік қаласы мен ауылдық округтің әкімдері мен мамандары қатысты. Күн тәртібінде 2022 жыдың қаңтар мен желтоқсан айы аралығында жеке және заңды тұлғалардың электронды үкімет порталына түскен өтінімдердің «Dokumentolog» ақпараттық құжат айналымында тіркелмеген бұзушылық фактілері туралы, «E-Otinish» бірыңғай платформасына жеке және заңды тұлғалардан түскен өтінімдерге тексеріс жүргізу барысында туындаған кемшіліктер жөніндегі мәселелер қаралды. Жиналысқа қатысушылардың назарына «E-Otinish» бірыңғай платформасында жұмыс істеу бойынша қадамдық нұсқаулықтар слайд арқылы көрсетілді. Сонымен қоса ҚР әкімшілік рәсімдік-процестік кодекісінің ережелер шеңберіндегі қойылымдық мәселелер бойынша қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

– Шағымды қарау нәтижелері шағымның өңделгені туралы хабарламасы қоса тіркелген файлдармен бірге, өтініш берушінің e-mail мекенжайына электрондық хатпен жіберіледі. Шағымдарды қарау процесі ҚР ӘҚБК 826-2, 826-3, 826-4, 826-5 баптарымен реттеледі. Осылайша, «ӘІБТ-нің Көпшілік секторы» ақпараттық жүйесімен әкімшілік процеске қатысушылардың мемлекеттік органдарға тікелей шағым  жолдауына  және  оларға  уақытылы  жауап алуына мүмкіндік берілген, – дейді облыстық  басқарманың аға прокуроры Болат Кужабеков.

Жиналыс соңында Есік қаласы мен ауылдық округтің әкімдері мен бөлім басшыларына және жауапты қызметкерлерге жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесіне сай жүргізу тапысырылды.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 782 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет