Бейсенбі, 27 Сәуір 2023 10:48

Ескерткіштер күні аталып өтті

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында 18 сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне  арналған ауқымды мерекелік іс-шара өтті.

Айтулы мерекеге орай Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты «Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің» КМҚК «Тарихы терең Тараз» атты көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеде Жамбыл облысындағы Берікқара шатқалы, Жетітөбе обалары сынды ескерткіштері туралы мәлімет беретін археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған қола және ерте темір кезеңдеріне тиесілі алтын әшекейлер мен жауынгердің қоладан жасалған дулығасы, ақинақ семсері, найза мен жебе ұштары, қола қазандықтар, жануарлардың қола мүсіндері, түркі дәуіріне жататын Талас жазулары, ортағасырлық Тараз қаласының тарихын баяндайтын: түркі, қараханид, моңғол, саманид теңгелерінің айналымда болған ең құнды  топтамалары, ортағасырлық тұрмыста түрлі мақсатта қолданылған қыш ыдыстар: үлкенді-кішілі шырағдандар, хош иісті әтірлерді, дәрілік заттарды, сынаптарды сақтайтын жұмыртастар, Айша бибі кесенесінің түпнұсқа кірпіштері, майшамдар және т.б. бірегей экспонаттары  қойылды. Экспозициямен Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Жансая Сембекова таныстырып, құнды тарихи жәдігерлер туралы жан-жақты мағлұмат берді.

Сонымен қатар мерекелік іс-шара аясында 2022 жылы «Есік» музей-қорығына белсенді әріптестік орнатқан музей достарымен (БАҚ, турфирма, мәдениет саласының өкілдері, ұстаздар мен демеушілер) кездесу ұйымдастырылып, оларға музей ісіне қосқан үлесі үшін арнайы марапаттар табысталды.

Іс-шара барысында «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Гүлмира Мұхтарова мен Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Сейтжан Ілияс екі мекеме арасында ғылыми, мәдени шығармашылықты нығайтуға және ұлттың мәдени және жазба мұрасын сақтау саласында өзара ынтымақтастық орнату мақсатында меморандумға қол қойды.

Жылдағы дәстүр бойынша музей ауласын абаттандыру шарасы жалғасын тауып, биылғы жылы Көкеновтер әулетінің демеушілігімен 5 түп шырша, 20 түп раушан гүлі музей ауласына егілді.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, келген қонақтарға Наурыз дастарханы жайылды. 

Е.АСЫЛ.

Оқылды 664 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет