Бейсенбі, 27 Сәуір 2023 15:59

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы өтуде

Күні кеше Елордада басталған Қазақстан халықтары Ассамблеясының XXXII сессиясы бүгінде жалғасын табуда. Сессияның алғашқы күні Ассамблея делегаттарының пікірталастарымен өткен болатын.

Ашық талқылауларға Президент Әкімшілігінің басшылығы, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, Парламент депутаттары, ҚХА мүшелері, республикалық және облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, діни бірлестіктердің өкілдері, ғылыми қызметкерлер, шығармашылық интеллигенция, қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдерінен барлығы 1000-нан аса адам қатысты.

Панельдік талқылауды ашқан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары А.Балаева:  «Өткен жыл реформалар жылы болды және олардың табысты жүзеге асуына, атап айтқанда, ішкі саяси тұрақтылық пен бірлікті сақтау мен нығайтуға Ассамблеяның барлық институттары, бүгінде де өз үлесін қосуда», – деп Ассамблея жұмысына оң баға беріп, сондай-ақ, ел егемендігін сақтау – барша қазақстандықтың ортақ міндеті екенін баса айтты.

Бұдан кейін ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Альберт Рау, ҚР Білім министрі Ғани Бейсембаев этносаралық толеранттылықты қалыптастырудың маңыздылығына тоқталса, Қазақстан корейлері қауымдастығының төрағасы Юрий Шин мен «Вайнах» Қазақстан шешендері мен ингуштар қауымдастығының төрағасы Ахмед Мурадов өз сөздерінде Ассамблеяның қоғамдағы рөлін, этносаралық қатынастарда мемлекет пен қоғамның азаматтық институттары арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру – басты міндет екенін атап өтті.

Сессияға қатысқан барлық делегаттар пікірталастарда белсенділік танытып, рухани-адамгершілік, азаматтық құндылықтарды қалыптастырудың, әлеуметтік өзара іс-қимыл мен оң этносаралық коммуникациялардың өзекті мәселелерін көтерді.

Оқылды 788 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет