Жұма, 28 Сәуір 2023 09:42

Өнегелі өмірі, спорт болған серігі

Қазақтың жанына ең жақын спорт саласы – күрес. Ұлттық спортымыз қазақ күресімен бірге грек-рим күресінен спорт шебері әрі жаттықтырушы болып еңбек еткен, ауданымыздың спорт саласында басшылық қызмет атқарып, өңір спортының өркендеуіне өзіндік үлес қосқан ҚР спорт ардагері Аманбек Саматов туралы, өмірі мен қызметі, жалпы спортшылар әулеті туралы аз-кем қалам тербеуді жөн көрдік.

ҚР спорт ардагері Саматов Аманбек Фазылұлы 1949 жылы қазіргі Абай облысының Аягөз ауданындағы Сергеополь ауылында дүниеге келді. КСРО қарулы күштері қатарында әскери борышын өтегеннен кейін 1967-1971 жылдары Алматы қаласында Дене шынықтыру институтының күрес бөлімін бітірген. Оқуын тәмамдаған соң, туып-өскен жері сол кездегі Семей облысының Аягөз ауданындағы Сергеополь орта мектебінде 1979 жылға дейін дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәндерінен ұстаздық етеді. Сонымен қатар, классикалық және қазақша күрестен облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, үнемі жүлделі орындардан көрінді. Сол жылдары Аманбек Фазылұлы Сергеопольде құрылған ансамблде домбырашы болып, талай облыстық байқауларда топ жарыпты. Аманбек Фазылұлы 1987 жылы Есік қаласына қоныс аударып, спорт мектебінде күрестен жаттықтырушы, Спорт және туризм бөлімінің басшысы, Есік қаласы әкімінің міндетін атқарушы, Көктөбе ауылдық округінің әкімі болып ел үшін аянбай қызметтер атқарады.

Спорттан бір сәтке алыстамай ірі жарыстарда төреші болған Аманбек Саматовтың баптаған шәкірттерінің көбі спорттың биік шыңдарын бағындырған майталмандарға айналды. Аудандық спорт бөлімінде қызмет істеп жүрген шағында ағамыздың ұлттық спорт түрлерін дамытуға өлшеусіз еңбегі сіңді. Сол шақта ұлттық спортымыз қарқынды дамып, ауданымыздағы бәйге аттары облыстық, республикалық жарыстардан орын ала бастады. Спорт ардагерінің айтуынша, ауданымызда 1990 жылдың басында ат спорты дұрыс жолға қойыла бастапты. Сол кездегі аудан басшысы С.Абдиевтің қолдауымен аудандық атбегілер саймасайлық ағайынды Бадрудин, Лема Исаевтар, қырбалтабайлық Бекет Құмарбеков, қарасайлық Гриша Заридзе, т.б. ат спортын дамытуға көп үлестерін қосыпты. Соның арқасында Бадрудин Исаевтың аты «Мангуст» Шымкент қаласында өткен Республика біріншілігінде аламан бәйгесінде бірінші болып, ауданымызда автокөлікке ие болды. Лема Исаевтың аты «Тибет» Талдықорған өңірінде өткен А.Алдабергеновтың 90 жылдығында «Тойота» автокөлігін еншілепті.

Бұл жерде Аманбек Фазылұлының қомақты үлесі көрініп тұратын. Саламатты өмір салтына бар ғұмырын арнаған ел ағасы бүгінде 73 жаста, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, немерелерінің қызығына кенеліп жүрген зейнеткер.

– Биыл көктемде жарым Калима Байшашевамен шаңырақ көтергеніме 50 жыл толды. Ол кісі ұзақ жылдар түрлі мемлекеттік мекемелерде бухгалтер болып қызмет етті. Отбасымыздағы берекенің ұйытқысы бола білді. Құдайға шүкір, екі ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірдік. Ұлдарым Телжан мен Асқар Алматыдағы Спорт және туризм академиясын бітірген. Кезінде олар Олимпиадаға жасақталған құрам қатарында жаттықты. Бүгінде спорт шебері, ал екіншісі спорт шеберіне үміткер. Немерелерім де біздің жолымызды жалғастырып келеді. Үш немерем Жетісу облысындағы арнайы спорт интернатында тәлім алып жатыр. Түрлі республикалық және облыстық жарыстарда жүлде алып жүр. Қазір олар грек-рим күресінен спорт шеберіне үміткер атанып үлгерді. Осылайша біздің әулет өздерінің күрестегі сара жолын жалғап келеді, – дейді спорт ардагері.

Отбасы үшін ең негізгі құндылықтар халқымыздың салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, яғни үлкенге құрмет, кішіге ізет, бір-бірімен сыйластықта, ауызбіршілікте болу екені анық. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, спортшылар шаңырағы өмірде болатын кез келген жағдайда бір-бірінің жанынан табылып, демеу болып, қиындықтарды бірлесе еңсеріп келеді.

– Бала тәрбиесінде бірінші орында тәртіп болу керек деп есептейміз. Осыған қатысты әр отбасының белгілі бір қағидалары бар ғой. Біздіңше, тәрбие ошақ қасынан басталады. Өйткені, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші, бала отбасында нені көрсе, соны бойына сіңіріп өседі. Бала қандай істі бастаса да, аяғына дейін жеткізуі керек. Әрқашан қарапайым әрі кішіпейіл болуға, қиындықтан қорықпауға, өтірік айтпауға баулимыз. Болашақта адал азамат болып шығуына осы қасиеттері ықпал етеді, – дейді отанасы Калима Байшашева.

2014 жылдан бері ауданымызда ҚР спорт ардагері Аманбек Саматов атындағы күрес турнирі жыл сайын дәстүрлі түрде өтуде. Алғашында облыстық турнир ретінде тұсауын кескен күрес додасы кейін қанатын кеңге жайып, республикалық деңгейге көтерілді. Ал биыл аталмыш байрақты бәсеке халықарлық жарыс ретінде жалауын желбіретпек. Онда бақ сынап, жүлдеге іліккен бала балуандар спорт шеберіне үміткер атана алады.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 25408 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Алғыс арқалаған ардақты ана БЛОГЕРЛЕР ТУРАЛЫ ЗАҢ ҚАЖЕТ »

Соңғы жаңалықтар

Шіл 03, 2025

ХАБАРЛАНДЫРУ «ҮЛГІЛІ АУЫЛ»…

Алматы облысының тұрғындары мен ауылдық округ әкімдіктерінің назарына! Қазақстан…
Шіл 03, 2025

«ŪMTYLYS» байқауы

«ŪMTYLYS» байқауы – жастар үшін жаңа серпінАлматы облысында алғаш рет жастармен жұмыс…
Маус 30, 2025

Тазалық тәртіптен басталады

Табиғат – Жаратушының ең көркем жаратылыстарының бірі. Адам күнделікті күйбең тіршіліктен…
Маус 26, 2025

Начало было в 30-х продолжение в…

Если театр начинается с вешалки, завод с проходной, то газета – с людей и событий,…
Маус 26, 2025

Ақпарат айдынында

28 маусым күні елімізде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні аталып өтеді.…
Маус 26, 2025

Көз көрген

1992 жылы Тәуелсіздігімізге жыл толды. Өзіміздің Ата заңымыз, Ел басымыз, Мемлекеттік…
Маус 26, 2025

Мемлекеттік қызмет – мәртебелі…

Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен…
Маус 26, 2025

МВД: Пранки не повод нарушать закон

Министерство внутренних дел обратилось к "пранкерам", передает Polisia.kz. - Уважаемые…
Маус 26, 2025

ІІМ: Пранктар заң бұзуға себеп емес

Ішкі істер министрлігі пранк ұйымдастырып, контент жасайтын азаматтарға үндеу жасады, -…

Күнтiзбе

« Шілде 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет