Жұма, 12 Мамыр 2023 11:18

Батырларға мың тағзым

Жеңіс туы желбіреген кездерде,

Қуаныштың жасы үйірілді көздерге.

Отан үшін отқа түскен аянбай,

Батырлардың рухы мұра біздерге.

Иә, қан майданда қасық қаны қалғанша жаумен алысып, жеңіс сыйлаған батыр ардагерлердің есімі ешқашан ұмытылмақ емес. Жеңіс жолында құрбан болып, бүгінгі ұрпаққа бейбіт күн сыйлаған Ұлы Отан соғысының ардагерлері қашан да құрметке лайық. Осы орайда 9 мамыр күні Есік қаласындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған ескерткіш маңында мерекелік шара ұйымдастырылды.

Аудан әкімі Алтай Досумбаев, мәслихат төрағасы Бекет Ахметов, мәслихат депутаттары және қала тұрғындары ескерткішке гүл шоқтарын қойып, құрбан болған ардагерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Сонымен қатар, биыл Ауған соғысының аяқталғанына 38 жыл толды. Осыған орай, ауған соғысының ардагерлеріне арналған ескерткіш ашылып, гүл шоқтары қойылды.

Аудан әкімі Алтай Машикұлы оқ пен оттың ортасынан елге аман оралып, көз қуанышымыз болып жүрген ардагерлерге, жеңісті бір қадам жақындатқан тыл еңбек-керлеріне ризашылығын білдірді. Ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы Алмаз Тасанов көпшілікті мерекемен құттықтап, бейбіт күннің астындағы татту-тәтті ғұмыр үшін ҰОС ардагерлеріне, майдандастарына алғыс айтты.

Мереке соңы концерттік шараға ұласып, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары өнерлерін ортаға салды.

Айта кетейік, ауданымызға арнайы ат басын бұрған Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Алға ауылында тұратын ардагер Солтанбай Жарықбасовтың шаңырағына арнайы барып, сый-сияпаттарын табыстап, ақ батасын алды.

С.НҰРАДИН.

Оқылды 750 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет