Жұма, 12 Мамыр 2023 11:28

60 отбасы баспаналы болды

Зәулім үйді көрдің бе?!

Зәулім үйге ендің бе?!

Құлпыртқан кім сол үйді!

Соған көңіл бөлдің бе!..

...Әр бөлмеден шалқып нұр,

Жұртты өзіне тартып тұр – деп ақын А.Абдрахман жырлағандай, Шелек ауылында «Асан М Компания» ЖШС-нің құрылысшылары салған заманауи 60 пәтерлі бес қабатты жаңа үй мамыр айының мамыражай күні жұртты өзіне тартып, 60 отбасының баспаналы болу қуанышы аталып өтті.

Президент Қ.Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Жыл сайын елімізде кем дегенде 6 млн шаршы метр жаңа үй пайдалануға беріліп отырылуы керек», – деген еді. Осыған байланысты арнайы бағдарлама бойынша Шелек ауылында да көп жылдан бері үй кезегінде тұрып, зарыға күткен 60 отбасы үйлі болып, қуаныш тойын тойлады. Алматы облысының ғана емес, бүкіл Қазақстан бойынша ең үлкен ауылдардың бірегейі болып саналатын Шелек ауылының тұрғындары жылдан жылға көбейіп келеді. 40 мыңға жуық тұрғыны бар ауыл қанатын кеңге жайып, көркеюде.

Ия, «Үйі бардың – күйі бар» демекші, осынау қуанышқа ортақтасып арнайы келген облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым жұртшылықты бүгінгі баянды күндерімен құттықтап, сөз сөйледі. Жақында Есік қаласында да осындай 120 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің ел игілігіне берілетінін, алдағы уақытта да осындай үйлер салынатынын айтып, жаңалығымен бөлісті. Одан соң аудан әкімі Алтай Досумбаев екеуі пәтердің кілтін өз иелеріне салтанатты түрде табыс етті. Қуанышқа жиналғандарға шашу шашылып, асқақтата ән шырқалды, ауыл ақсақалы Елеусіз Сұлтанғазиев бата берді. Жаңа үйдің лентасы қиылып, ішке енген қонақтар көпбалалы ана Антонина Киллерге және жетім өскен азаматша Әлима Сейілхановаға баспана көрімдігі ретінде теледидар сыйға тартты.

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 679 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Батырларға мың тағзым «AMANAT» ардагерлерді ардақтады »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет