Бейсенбі, 25 Мамыр 2023 21:04

Қонаевта суда бірегей амфитеатр ашылады

Жазғы маусымда облыс тұрғындары жиналатын дәстүрлі орын - Қапшағай су қоймасы. Дегенмен, келушілердің барлығы дерлік жағалауда орналасқан демалыс орындарын таңдай бермейді. Көбісі, әсіресе, жергілікті халық қала жағажайында серуендегенді ұнатады.

Шындығында, қала ішінде де бірнеше жағажай орналасқан. Алда оларды бірыңғай стиль мен ортақ сызыққа біріктіру жоспарланып отыр. Болашақта 5 учаскеге жөндеу, жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Жағажай аймағын толығымен кеңейту үшін тас пен құм әкелінеді. Кіреберістегі жаяу жүргіншілер жолы абаттандырылады. Жағалау аймағындағы коммуналдық мекемелер жасыл желек отырғызып, көгал төсейді. Ал мердігер компания осы аймаққа автоматты суару мен күтімді қамтамасыз етеді. Жаңа жағажай шатыр астындағы жаттығу, ойын алаңы, балалар бассейнімен ерекшеленеді.

Инфрақұрылым кәсіпкерлік нысандардың жыл бойы жұмыс істеуіне мүмкіндік беретінін атап өтпесек болмас. Сейфуллин көшесі мен жағажай бойынан басталатын ұзындығы 5300 метр болатын велосипед жолы веломарафондар өткізуге мүмкіндік береді.

Құмды жағажайдың өзі 60 метрге дейін кеңейтіліп, жаяу жүргіншілер пирсімен және ұзындығы 50 метр бақылау палубасымен жабдықталады. Сондай-ақ, демалушыларға ыңғайлы болу үшін киім ауыстыратын бөлмелер, қауіпсіздік үшін полицияның мобильді пункті орнатылады. Футболға қызығушы жастар стадионда көңілді уақыт өткізе алады.

Салынып жатқан нысандарды аралау барысында аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев жөндеу жұмыстарын тез аяқтау үшін жұмысшылар санын арттыру қажеттігін атап өтті. Өз кезегінде Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаев Сұлтанғазиевке жұмыс барысында туристердің ғана емес, жергілікті тұрғындардың да тілектері де ескерілетінін баяндады. «Өткен жылы қалаға 1 миллионға жуық турист келсе, биыл бұл көрсеткіш айтарлықтай артады. Қалалық жағажайларды абаттандыру сервис деңгейін арттырады және кәсіпкерліктің дамуына оң әсер етеді», - деді Нұрлан Құматаев.

Жағажайды абаттандыру жобасын іске асыру облыс орталығының көрнекті жерін көрсетуге, табиғи ерекшелігін пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл орын Ironman халықаралық жарыстарын өткізуге мүмкіндік береді, ал судағы бірегей амфитеатр мәдени-бұқаралық іс-шараларды, спорттық жарыстарды өткізу үшін жаңа орын болады.

Айта кетейік, қала басшылығы үшін тұрғындар мен қонақтардың қауіпсіздігі бәрінен маңызды. Сондықтан жағажай аумағында алғашқы медициналық көмек көрсету құралдарымен қамтамасыз етілген медициналық пункт жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, суға түсу ережелері жазылған ақпараттық стендтер ілінеді, құтқарушылармен бірге 5 қарау мұнарасы орнатылады.

Қапшағай су қоймасы түбінің тереңдігін анықтау, айырмашылықтарын теңестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оқылды 622 рет

Медиа

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет