Жексенбі, 28 Мамыр 2023 20:58

Жер тағдыры – ел тағдыры

Жүгірген аңның тұяғы, ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр қазақ даласы – бабаларымыздың найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап, бүгінгі ұрпаққа табыстаған аманаты. Бүгінде бабалардың осынау аманаты жекенің қолына өтіп, шаруалар төрт түлікті түлететін жер таппай әлек. «Дүниенің кеңдігінен не пайда, аяқ киімің тар болса?» деген халық даналығы бекер айтылмаса керек. Елімізде ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлердің, әсіресе, жайылымдық жерлердің тапшылығы шаруалардың жанына батуда. Ауданымызда да бұл тақырып өзекті мәселеге айналды. Жүздеген, мыңдаған гектар жерді иемденіп алған азаматтар өз игілігіне пайдаланбай, мал жаюға да рұқсат бермей қарапайым ауыл шаруаларының мазасын қашыруда. Бұл мәселені тікелей бақылауына алған «АMANAT» партиясы жанынан құрылған «Жер аманаты» комиссиясы өткен аптада ауданымызға арнайы келіп, шаруа қожалықтарының басшыларымен, ауыл тұрғындарымен кездесті.

Ауданымызға ат басын бұрған «АMANAT» партиясының хатшысы, «Жер аманаты» комиссиясының төрағасы Дәулет Кәрібек, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы, комиссия төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Теміржанов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, төрағаның орынбасары Бақытжан Базарбек, «АMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев алдымен Шелек өңірінің тұрғындарымен жүздесті. Жер мәселесін кабинетте отырып емес, сол жердің басында шешуді мақсат еткен комиссия мүшелеріне азаматтар сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Барлығының айтары бір – ауыл шаруашылығы жерінің тапшылығы, әсіресе, жайылымның жоқтығы. Бұғыты, Асы, Тескенсу ауылдық округтеріндегі, Асы жайлауындағы жайылымдар жеке меншікке өтіп, тұрғындар мал жаятын жер таппай жүр.

Қуат Байғоджаевтың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған комиссия былтыр Алматы облысы бойынша 116 мың гектар игерілмей, бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтарып, халық игілігіне пайдалануға берілген. Бұл жұмыс жүйелі жалғаса бермек.

Жайылымдық жер мәселесі Еңбекшіқазақ ауданында өршіп тұрғанын айтқан Бақытжан Базарбек тұрғындармен бірлесе атқарылған жұмыстар оң шешімін тауып жатқандығын жеткізді:

– Кезінде ауданды басқарған әкімдер сыбайлас жемқорлыққа жол беріп, жерді жеке меншікке беруге қаулы шығарған. Біз осы қаулылардың күшін жою үшін жұмыс жасап жатырмыз. Асы ауылдық округіндегі 11 мың гектар мемлекеттік жердің 9 мың гектарын бір отбасының басқаруына берген. Ауыл азаматтарының өтінішімен, антикормен бірлесіп, 2020 жылы 5 600 гектар жерді қайтардық. Ол кезде «Жер аманаты» комиссиясы құрылмаған. Оған қоса асылықтардың жазда мал бағатын жайлауы да жеке меншікке өтіп, мал айдап келген шаруаларға жер иелерінің қару кезенген жағдайлары да орын алған. Сол себепті, біз бүгін жайылымдар туралы заң жобасына өзгерістер енгізіп жатырмыз. Сыбайлас жемқорлыққа төтеп беру үшін, латифундист олигархтардың жерді жеке меншікке алуына мүмкіндік бермеу үшін «қоғамдық жайылым» деген ұғымды енгіздік. Яғни, мемлекет меншігіне қайтарылған жерлер арнайы базаға «қоғамдық жайылым» жерлері болып тіркеледі. Әкімдер біреуге жерді пайдалану құқығын бере алмайды, конкурсқа шығара алмайды, – деп жағымды жаңалықты ауыл тұрғындарына жеткізді. Сондай-ақ, Мәжіліс депутатының айтуынша, ендігі кезекте әрбір ауылдың жайылымды басқару жоспары болады. Жоспарға сәйкес округ әкімдігі тұрғындарға қанша жер керектігін анықтап, жоспарлайды.

Жиын барысында мәжілісмен тескенсулықтардың да мәселесін көтерді. Сөзіне сүйенсек, өз жеріне бөтен малды кіргізбес үшін шаруа жерін айналдыра бірнеше шақырым ор қазып тастаған. 3-4 метрлік жарға ауыл тұрғындарының малдары құлап, түрлі жағдайлар орын алған. Бұл мәселе еліміздің басқа өңірлерінде де бар. Алдағы уақытта бұндай келеңсіздіктер қайталанбас үшін Жер кодексінің 65 бабына өзгерістер енгізіліп, енді траншеялар мен ор қазуға тыйым салынады. Заңға құлақ аспағандар айыппұл ғана арқаламайды, жер пайдалану құқығы мемлекетке қайтарылады.

«Жер аманаты» комиссиясының мүшелері Есік өңіріндегі жұртшылықпен Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінде кездесу өткізді. Кездесуге келген тұрғындардың басым көпшілігі жайылымдық жер телімдерінің жекеменшікке өтіп кеткендігін айтып, ауыл маңындағы жайылымдық жерлерді халық игілігі үшін мемлекет меншігіне қайтару керектігін айтты. Айталық, Қырбалтабай ауылдық округіне қарасты шаруалардың талабы – «Көксу – Ақжал» ЖШС меншігіндегі 331 гектар жайлымдық жерді мемлекеттік меншікке қайтару. Сонымен қатар, аумағы 500 гектарды құрайтын жайлымдық жер телімінің жеке меншікке берілуінің заңдылығын анықтау. Жағдаймен танысқан комиссия мүшелері ауыл тұрғындарының арыз-шағымының негізінде облыстық прокуратура тарапынан тексеріс жүргізіліп, қорытындысы бойынша ҚР Жер кодексінің 48-бабына сәйкес келмейтіні, яғни, аталмыш жер телімі аукционсыз негізде берілгендігін айтты. Облыстық жер ресурсын басқару департаментіне заңның бұзылғандығы жайлы хабарланып, ұсыныс берілген. Мәселенің оңтайлы шешілуі үшін Алматы облыстық жер ресурсын басқару департаменті тиісті тексеріс жұмыстарын жүргізіп, қаулының күшін жою үшін департамент тарапынан сотқа шағым беріледі.

Шелек және Есік өңіріндегі шаруалардың мұңын тыңдаған комиссия мүшелері тұрғындардың арыз-шағымдарын жазбаша қабылдап, тиісті органдармен бірлесіп, сотқа жүгінетіндерін жеткізді. Пайдаланылмай бос жатқан ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке қайтарылып, тұрғындардың пайдалануына беріледі.

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 3855 рет

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 11, 2025

Мемлекеттік қызметке ашық жол:…

Мемлекеттік қызмет — ел дамуы мен тұрақтылығының тірегі, азаматтардың әл-ауқатын…
Қырқ 11, 2025

Бошкулов Айдар Багашарович, …

В послании Главы государства этого года обозначены как глобальные вызовы времени, так и…
Қырқ 10, 2025

Оқушылардың ата-аналарына арналған…

Жаңа оқу жылы – әр оқушы мен ата-ана үшін жауапты әрі ерекше кезең. Бұл уақыт баланың…
Қырқ 10, 2025

Жіті респираторлық вирустық инфекция…

ЖРВИ/тұмау- ол жіті жұқпалы, инкубациялық мерзімі қысқа, тыныс алу жолдарының қабынуымен…
Қырқ 10, 2025

Оба:жұғу жолдары, алдын алу шаралары.

Оба аса жұқпалы, карантинді инфекциялар тобына жататын ауру. Инфекцияның жабайы…
Қырқ 10, 2025

Мектеп жиһазына қойылатын санитарлық…

Мектеп жиһазы оқу процесін ұйымдастырудың негізгі элементі болып табылады.…
Қырқ 10, 2025

Компьютердің көру қабілетіне әсері

Қазіргі уақытта компьютерлер, планшеттер, смартфондар және басқа гаджеттер ақпарат алу…
Қырқ 09, 2025

Алматы облысының қатысуымен …

Алматы облысының қатысуымен Мәскеуде бизнес-форумИнвестициялар, цифрлық технологиялар…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет