Жексенбі, 02 Шілде 2023 22:39

Депутаттар құрылыс нысандарын аралады

Қалада құрылыс нысандары қарқынды жүргізіліп жатыр. Халық игілігі үшін салынып жатқан нысандарды мәслихат депутаттары аралап, жұмыс барысымен танысты.

Бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді пайдалануын, құрылыс барысы мен сапасын, аяқтау мерзімін қадағалап, заңға сәйкестігін тексеру мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылған болатын. Осы мақсатта аудандық мәслихаттың төрағасы Бекет Төлегенұлы бастаған жұмыс тобы өткен аптада Есік қаласында салынып жатқан нысандарды аралады. Жұмыс тобында мәслихат депутаттары Ш.Касымбаева, А.Габ-саттарова, М.Хасенов, Б.Жантасов және Есік қаласының әкімі А.Аңсатбаев пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің өкілдері болды. Алдымен қаладағы 1-ші және 2-ші ықшам ауданындағы үйлердің абаттандыру жұмыстарымен танысып шыққан жұмыс тобы нысанға жауапты мердігерлермен жүздесті. 3-ші ықшам ауданындағы шағын футбол алаңы мен балалар ойын алаңының құрылысымен танысып шыққан депутаттарға нысанның қазан айында пайдалануға берілетінін қала әкімі А.Аңсатбаев айтып өтті. Ынтымақ, Болашақ көшелеріндегі жөндеу жұмыстары 70 пайызға аяқталған. Тамыз айының соңына дейін пайдалануға берілетінін мердігер мәлімдеді. Сонымен қатар, 4-ші ықшам аудандағы БМҚ құрылысы, Ш.Уәлиханов көшесінің жөндеу жұмысы, ПМК аумағы мен Есік өзені бойын абаттандыру жұмыстары, Грушевая көшесіндегі көпірдің ағымды жөндеуі және Райымбек батыр мектебі жанындағы шағын футбол алаңының құрылысы мен Мәлкеев көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолын жөндеу жұмыстарының жүргізілу барысын жұмыс тобы аралап, танысып шықты. Өз кезегінде мәслихат төрағасы Бекет Төлегенұлы мердігерлерден нысанға қанша жұмысшы тартылғандығы олардың жалақысы жайында сұрап қана қоймай, жұмыстарына  сәттілік тілеп, нысанды сапалы салып, жауапкершілікпен уақытында аяқтауды тапсырды. Байқағанымыз, қаладағы құрылысқа жауапты тұлғалар жұмылдырылған. Салынып жатқан нысанды Б.Төлегенұлының жіті қадағалап отырғаны белгілі. Жұмыстың жай-жапсарын түгендеп, халықтың пікірін де назардан тыс қалдырмауды айтқан мәслихат депутаттары құрылыс дайын болғанда тағы аралап, қабылдап алатынын айтты. Бақылау жүргізушілер нысан құрылысының уақытында аяқталуын, бөлінген қаржының тиімді пайдалануын назарда ұстап, құрылыстың сапалы болатынына сенім артты.

Перизат ӘБДІЛ-ӘШІМ.

Оқылды 1429 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет