Жұма, 21 Шілде 2023 10:43

Қос үздікке құрмет көрсетілді

Қазақстан ауылдық округінде  әлемдік додаларда биік белесті бағындыра бастаған  Мадияр Шәріпбай мен Марал Төлепберген сынды    үздік  қос  спортшыға   құрмет көрсетілді.

Ең әуелі, округ әкімі Марат Сүгірбеков   жасөспірімдерді  халықаралық  жарыстардағы үздік жетістіктерімен  құттықтап, оларға өңір спорттын дамытуға үлес қосқаны  үшін алғыс  айтты.  Сонымен қоса, Венгрияның  Помаз қаласында өткен халықаралық жамбы ату  жарасының алтын жүлдесін жеңіп алған Мадияр Шәріпбайға, Италияның  Ассини  қаласында өткен  жасөспірімдер  арасындағы  халықаралық бокс турнирінде  жеңімпаз атанған Марал Төлепбергенге аудан әкімінің Алғыс  хатын  табыстады. «Округімізде  бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін жағдай жасалып жатыр. Бұл халықтың денсаулығын нығайтуға және саламатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді. Біздің спортшылар әр деңгейдегі  ауқымды спорт жарыстарында  лайықты өнер көрсетуде.                           Осындай толағай жетістіктердің арқасында округіміз «Чемпиондар ауылына» айналды. Сіздерге жаңа спорттық жетістіктер мен жеңістер тілеймін. Біз ел үмітін арқалайтын спортшыларға қашан да қолдау  көрсетеміз», – деді округ әкімі Марат Сүгірбеков. Сондай-ақ,  үздік атанған спортшылардың бапкерлеріне де аудандық  мәслихаттың төрағасы Бекет Ахметовтың  атынан Алғыс хаттар табысталды. Ал аудандық мәслихат депутаты Мұхит Диқанәліұлы қос жеңімпазды құттықтап, ауыл жастары атынан бағалы сыйлықтар тарту етті. Марапаттау шарасына қатысқан  бапкерлер мен ауыл ақсақалдары, ұстаздар  халқаралық жарыста топ жарған қос үздіктің  ерлігін мадақтап, олардың алдағы додаларына жеңіс тіледі. Чемпиондар да өз кезегінде алда Азия мен әлемдік додаларда топ жару  үшін тер төгетіндіктерін жеткізді.

Осы аралықта мен облыстық, республикалық жарыстарда  бірнеше дүркін жақсы нәтижелерге қол жеткіздім. Сол жетістіктердің   арқасында халықаралық  додаға қатысу мүмкіндігіне ие болдым. Венгрияның  Помаз қаласында өткен халықаралық жамбы ату  жарысына әлемнің 14 елінен 26 мерген  қатысты.  Бәріміз аң ату стилінде өнер көрсеттік. Жарыстан бұрын жүйелі жаттығу жасадым. Сол көп көмегін  тиігізді. Бұл спорттың ерекшелігі – командалық топпен және жеке өнер көрсетуге болады. Адам бойына жауынгерлік  рух сыйлай отырып, үнемі өз-өзіңмен күресуді талап етеді. Алда талай биік белестерді бағындырамын деген ойдамын, –  дейді  жарыс жеңімпазы  Мадияр Шәріпбай.  

Бетті дайындаған Ерзат АСЫЛ.

 

Оқылды 904 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет