Жұма, 04 Тамыз 2023 12:39

Алматы облысының әкімі Қонаевта шатыры өртенген тұрғын үйді аралады

 

Алматы облысының әкімі Қонаев қаласында шатыры жанып кеткен 2-шағын аудандағы #36 көпқабатты тұрғын үйді аралап көрді.

Ол 4-қабаттағы 23-пәтерге барып, 70 жастағы әжеймен сөйлесті.

"Ұйықтап жатқам, түнгі сағат 2-де оянып кеттім. Бірдеңе тарс-гүрс ете қалды. Пәтерді қою қара түтін басқан. Ескі тоңазытқыштың тогынан қысқа тұйықталу болған екен. Жатын бөлменің есігі ашық қалғаны жақсы болды, әйтпегенде, қайғылы жағдай орын алар еді. Біздің пәтерден шыққан өрт дем арада шатырға беттеп кетті", - деді әжей.

Тұрғынды тыңдаған Марат Сұлтанғазиев те өз пікірін білдірді.

"Өрт 1-қабаттан шыққанда, расымен де, жағдай бұдан да күрделі болуы мүмкін еді. Біз үшін жұрттың амандығы - ең басты құндылық. Пәтерді жөндеуге көмек көрсетеміз. Ол үшін заттарыңызды басқа жаққа көшіріңіздер", - деді облыс әкімі.

Үйді аралап шыққан өңір басшысы қала әкімімен, пәтер иелері кооперативінің басшысымен тілдесіп, тапсырма берді.

"Тұрғындардың барлығы газ баллонын пайдаланады. Бұл - өте қауіпті. Төтеншеліктер оқыс оқиға болған түні жоғары қабаттардағы 20 газ баллонын далаға шығарған. Қызыл жалын шыққан пәтерде де баллон болған. Қазіргі таңда магистралды газ құбыры тура үйдің жанында тұр екен. Пәтер иелерімен сөйлесіңіздер, жөндеу жүріп жатқан сәтте құбыр тартып, тұрғындарды көгілдір отынға қосайық. Сондай-ақ газға қосылу құнын бөліп төлеу мерзімін 1-1,5 жылға созуға көмек көрсетейік", - деді Марат Сұлтанғазиев.

4 қабатты үйде 70 пәтер бар. Онда 135 адам тұрады. Пәтерлердің жартысы жөндеуді қажет етеді.

Ақерке Жұмағазықызы

Оқылды 548 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет