Бейсенбі, 07 Қыркүйек 2023 10:25

Жаңа мектеп пайдалануға берілді

1 қыркүйекте Есік қаласындағы тұрғындар асыға күткен № 6 қазақ орта мектеп-лицейінің  лентасы қиылды.Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлжан Елубаева, аудандық мәслихат төрағасы Бекет Ахметов, аудан әкімі Алтай Досумбаев пен ұстаздар, оқушылар және ата-аналар қатысты. Ең әуелі облыс әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов  аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиевтің  атынан мұғалімдер мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

– Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қымбатты оқушылар! Сіздерді 1 қыркүйек  – білім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін облысымыз-дағы 456 мектепте қоңырау соғылып, 330 мыңнан астам оқушы жаңа оқу жылын  бастады.  38 мыңнан астам бүлдіршін  алғаш мектеп табалдырығын аттады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сапалы білім – жетістікке  жетудің жолы әрі экономиканы дамытудың басты құралы»,  –  деп білім алудың маңыздылығын айырықша аттап өткен. Ал сапалы білім алу үшін балаларға қолайлы орта, заманауи мектеп қажет. Біз өз тарапымыздан  балаларымыздың  өз замандастарымен тең дәрежеде білім алуы үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырудамыз. Облысымызда алдағы уақытта «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 53 мектеп салу жоспарлануда. Оның сегізі Еңбекшіқазақ ауданында бой көтеретін болады –  деді Нұржан Кеңесұлы.

Жаңа мектептің алғашқы қоңырауына  білім ордасының шаңырағын  тұңғыш аттаған балдырғандар қатысты. Мектеп лентасын облыс әкімінің  орынбасары Нұржан Құдайбергенов бастаған лауазымды тұлғалар  қиды. Одан соң, арнайы келген қонақтар мектептің оқу кабинеттерімен танысты. Мектептің оқу корпусы типтік жоба бойынша салынған және 1500 балаға арналған. 84 оқу кабинеті, 5 зертханалық (физика, биология, химия), 2 информатика, 2 мультимедиалық, 7 ағылшын, 1 тігін, 4 шеберхана, 2 алғашқы әскери дайындық кабинеттері, 2 спортзал, 1 стадион, 2 жаттығу алаңы бар. Сонымен қатар, 270 орындық асхана, 1 кітапхана білім алушыларға қызмет көрсететін болады. Жаңа оқу орнында балаларды оқыту үшін барлық жағдай жасалған. Осылай Есік қаласындағы 3 ауысымда білім беретін мектептердің мәселесі толығымен шешіледі. «BI Global» компаниясы мердігерлік еткен мектеп құрылысына 5 млрд 700 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Аудандық білім бөлімінің басшысы Жарқын Нұрлан-ұлының айтуынша, жаңа білім ордасы инновациялық технологияларды, компьютерлік мүмкіндіктерді пайдалану, интерактивті білім беру бағытына басымдық береді. Сол үшін, онда еңбек ететін  ұстаздардың кәсіби біліктілігіне де  айырықша  көңіл бөлінеді.

– Жаңа мектепке лицей талабына сай келетін жоғары санаттағы мұғалімдерді арнайы конкурс арқылы қабылдап жатырмыз. Бүгінде  конкурс-тан өткен 78 мұғалім қызметке кірісті. Білікті мамандарды оқу ісіне тарту үшін  конкурс әлі жалғасын табады. Алда лицей сыныптарына емтихан арқылы үздік оқушылар қабылданатын болады, – дейді аудандық білім бөлімінің басшысы.

Жарқырап тұрған жаңа мектепті көрген  ата-аналар да өз қуанышын жасыра алмады. Олар осындай заманауи  әрі қазақ тілінде білім беретін мектептердің  көптеп ашлуына тілектес-тік білдірді.  Аталған   №6 қазақ орта мектеп-лицейі толық мемлекеттік тілде сабақ береді. Бұған дейін Есік қаласындағы Р.Тоқатаев атындағы орта мектеп қана тек қазақ тілінде білім беретін. Енді міне, Есікте ана тілімізде білім беретін оқу орындарының қатары жаңа заманауи мектеппен толықты.

Е.АСЫЛ. 

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет. Қоғамда мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қуаныш сыйлайтын жандардың қарасы қалың. Оған дәлел «AMANAT»  партиясының Еңбекшіқазақ аудандық филиалында өткен қайырымдылық акциясы.

Оқылды 959 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…
Қаң 09, 2026

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл, Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір…
Қаң 09, 2026

Құрмет төрінде

Әне-міне дегенше, жылжып жылан жылы да өтіп, шапқылап жылқы жылы жетті. Жылан жылы жаман…
Қаң 09, 2026

Қолдау барда даму бар

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл…
Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет