Бейсенбі, 14 Қыркүйек 2023 10:18

Жаңа мектептің іргетасы қаланды

Есік қаласындағы 900 балаға арналған мектептің іргетасы қаланды. Аталған шараға  облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, аудан әкімі Алтай Досумбаев, мектеп құрылысын қаржыландырған «Верный капитал» компаниясымен Болат Өтемұратов қоры және ForteBank-тің  басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

 

Алдымен облыс әкімі мектеп құры-лысының жұмысын бақылап, білім ошағының заман талабына сай салынып, оқушылардың игілігіне бағыт-талуы қажеттігін атап өтті.

–  Облысымызда үш ауысымда білім беретін мектептердің мәселесін шешу мақсатында 16 білім ордасының құрылысы жүргізілуде. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 53 мектеп салу жоспарлануда.  Бүгін, міне, «Верный капитал» компаниясы мен Болат Өтемұратов қоры ForteBank тарапынан  қаржыландырылып, 900 орындық жаңа мектептің іргетасын қалауда.

Жобаның құны 8,11 млрд теңгені құрайды. 33 мыңнан астам тұрғыны бар Есік қаласы ғана емес, жалпы облысымыз үшін бұл керемет сыйлық, зор қуаныш. Жаңа мектепте балалардың жан-жақты дамуына мүмкіндіктер қарастырылады.

Демалыс орындары, оқу-өндірістік шеберханалар, спорт және гимнастика залдары, ақпараттық орталық, зерт-ханалар, шығармашылық студиялары мен коворкинг кеңістігі соңғы заманауи үлгіде жабдықталады.

Мектеп құрылысы 2024 жылдың қыркүйегінде аяқта-лып, мемлекет теңгеріміне беріледі. Облысымыз тағы бір заманауи, мол мүмкіндікті мектеппен толығады. Халқымызда «жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген керемет сөз бар. Бүгінгі жаңа мектептің бой көтеруіне де-меушілік танытып отырған қайырымды азаматтарға облыс жұртшылығының алғысын жеткізіп, құрылыс сәтті өтсін демекпін. Қашан да парасатты істеріңіз өсер ұрпақтың жақсылығымен қайтсын, – деді мектептің іргетасын қалау рәсімінде  сөз  сөйлеген Марат Сұлтанғазиев.

Шараға қатысқан ForteBank басқарма төрағасы Бекжан Пірматов мектептер құрылысы мемлекет бюджетіне ауыртпа-лық түсіретіндігін, сондықтан, ForteBank Алматы облысына көмектесіп, жаңа, заманауи мектеп салуға қаржы бөлгенді-гін,  бұл қадам  еліміздің зият-керлік әлеуетін дамытуға үлес қосатынын айтты. Жобаны қаржыландырған «Верный капитал» компаниясы мен Болат Өтемұратов қорының өкілдері де жас ұрпақтың озық әлемдік тәжірибеге сай дамуына барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында орта және жоғары білім беру саласында инфрақұрылымдық жоба-ларды дәйекті түрде жүзеге асыруға күш салып жатқанды-ғын жеткізді.

Іргетасы қаланған мектеп ғимаратының  аумағы  12,5 мың  шаршы метр. Жаңа білім ордасы  оқу сыныптарымен қоса рекреациялық аймақтармен, заманауи оқу-өндірістік шеберханалармен, спорттық және гимнастикалық залдармен, ақпарат орталығымен, зертханамен, шығармашылық студиямен және коворкинг кеңістігімен жабдықталады. Жобаға сай, мектеп құрылысы 2024 жылдың тамызында аяқталып, пайдалануға бері-леді.                           

 

 Е.АСЫЛ.

Оқылды 1404 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет