Бейсенбі, 21 Қыркүйек 2023 15:34

ЖАҚСЫЛЫҚ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАҢҒЫРУ

Жуырда «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев Шелек ауылындағы гимназияның мәжіліс залында мұғалімдер мен ата-аналармен кездесіп, Мемлекет басшысы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын жан-жақты түсіндіріп, жақсылық жолындағы жаңғыруға арналған жұмыстармен таныстырды.

 

Жиынды «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Бағ-дат Рахимов ашып, Қуат Сұлтанұлы Жолдаудағы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолындағы ай-қындалған мәселелерді өз сөзіне арқау етті. Бүгінде ел Президентінің бастамаларының басым бөлігі жүзеге асып жатқанын, мысалға, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақылары айтарлықтай көбейгенін, тұрғын үй мәселесі шешімін тауып жатқанын айтты.

Жолдауда көрсетілген міндеттің бәрі үш жылдың ішінде орындалуға тиіс екенін тілге тиек етті.

Мәселен,  «Жер аманаты» жобасы бойынша игерілмей не заңсыз берілген жерлер мемлекет меншігіне қайтарылып жатқанын, «Ауыл аманаты» бағдарламасымен облыс бойынша атқарылып жатқан істерді мысалға келтірді. Диқандардың күрделі мәселесінің бірі, сумен қамтамасыз етуде, кәсіптерін ашуда аз көлемде несиемен қамтамасыз ету, қолдау көрсету қолға алынып жатқанын, алдағы атқарылар жұмыстар жайлы нақты мысалдармен түсіндірді.

«Қарызсыз қоғам» жобасын «AMANAT» партиясымен бірлесіп, қарызға батқандарды борышынан арылтуға, несие төлеу уақытын ұзартуға, қаржылық сауатын арттыру жолында атқарылған жақсылықтарды атап өтті. Банкроттық заң қабылданғанын, оның  орындалу тәртібін түсіндірді.  Сондай-ақ «Ұлтық қор – балаларға» жобасы қолға алынғанын, мұғалім мәртебесіне де баса мән берілгенін, сонымен қатар әкімдер сайлау арқылы сайланатынын, жергілікті бюджетті  жергілікті әкімдерге басқару құқығы берілгенін әңімесіне арқау етті. 

Шелек ауылдық округінің әкімі Сәкен Абдихалиев  ауылда атқарылып жатқан игілікті жұмыстар жайлы айтып берді. Қойылған сұрақтарға жауаптар қайтарылды.

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 1028 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет