Бейсенбі, 12 Қазан 2023 14:55

Қызметтік иттердің сайысы өтті

Еңбекшіқазақ  ауданының  Қаракемер  ауылындағы 6654 әскери бөлім базасында қызметтік иттермен көпсайыс бойынша  ҚР Ұлттық ұланының  кезекті  біріншілігі өткізілді.

Із кескіш иттердің сайысына  Бас қолбасшылықтың жауынгерлік қызмет Бас басқармасының кинологиялық қызметінің бастығы подполковник Дмитрий Гареев, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы кино-логиялық қызметінің бастығы, подполковник Жәнібек Қалыбеков, 6654  әскери бөлімінің  Кинологиялық орталығының бастығы, подполковник Альмир Файласов белсенді қатысты.Төрт күн бойы әскери кинологтар өз қызметтік иттерімен түрлі әдіс-тәсілдерді көрсетті, кедергілерден өтіп, жол бойынан және басқа жерлерден инженерлік қару-жарақ пен жарылғыш заттарды іздестірді. Тергеу амалдарын жүргізіп, маңдай тұстан шабуылдауды ұштады, қашқан заң бұзушыны ұстап, күзетті. Кинологтардың басшылыққа алған құжаттармен жұмысы да сарапқа салынды. Жарыстың бас төрешісі, ҚР Ұлттық ұланы кинологиялық қызметінің бастығы Василий Горюновтың айтуынша, қылмысты ашу мен күдіктіні құрықтауда қызметтік иттің дайындығы мен нұсқаушының кәсібилігі елеулі рөл атқарады.

Жүлдегерлерді марапаттауға 6654 әскери бөлімінің запастағы ардагерлері  мен  кинолог-мамандар қатысты. Командалық біріншілікте «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының кинологтары жеңімпаз атанса, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы  ІІ, Астанадағы 5573 әскери бөлім ІІІ орынды иеленді. Ал  жекелей сында  жарыс қорытындысына сай тергеу бөлімінде І орынды 3514 әскери бөлімінің (Курчатов қ.) кинологиялық қызмет тобының аға нұсқаушысы, ефрейтор Мәулен Қайырбаев «Айза» қызметтік итімен бірге иеленді. 5513 әскери бөлімінің (Тараз қ.) аға нұсқаушысы, аға сержант Абылай Адасханов «Махно» қызметтік итімен ІІ орын алды. Ал 5573 әскери бөлімінің (Астана қ.) кинологиялық қызмет тобының нұсқаушысы, кіші сержант Александр Пуц «Тайсон» қызметтік итімен  үздік үштіктің қатарынан көрінді.

Жарылғыш заттарды іздеу байқауында 6506 әскери бөлімінің (Шымкент қ.) кинологиялық қызмет мамандары тобының бастығы, сержант Ерболат Асанов «Риза» қызметтік итімен жеңіске жетті. 3514 әскери бөлімінің аға нұсқаушы-кинологы, ефрейтор Мелис Қайырбеков «Сақ» қызметтік итімен ІІ орынды иеленді, ал 5573 әскери бөлімі-нің кинологиялық қызмет тобының аға нұсқаушысы, сержант Болат Әлжанов «Эльза» қызметтік итімен ІІІ орын алды.

Іздеу қызметі бойынша 5511 әскери бөлімінің (Семей қ.) аға кинолог-маманы сержант Архат Бөкенбаев «Леда»  қызметтік итімен топтан  озды. 5516 әскери бөлімінің (Теміртау қ.) кинологиялық қызмет тобының аға маманы, сержант Алтынбек Қалданов «Дик» қызметтік итімен ІІ орын алса, 5513 әскери бөлімінің аға нұсқаушысы аға сержант Әлімхан Жанпейсов «Аргон»  қызметтік итімен ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаздарға кубоктар, медальдар және дипломдар табысталды.

– Кинологтар арасындағы мұндай жарыстар мамандардың біліктілігі мен шеберлігін арттырады. Олардың сапасын да күшейтеді. Бірінші кезекте 6654 әскери бөлімінің қолбасшылығына алғысымды білдіремін. Жарыс барысында қатысушылар жақсы тәжірибе алмасты деп ойлаймын. Болашақта кинологтар  алған білімдері мен дағдыларын жауынгерлік қызмет барысында қолданатынына сенімдімін, – деді  подполковник Дмитрий Гареев.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 1293 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Күй күмбірлеп, ән әуелеп аспанда Спасая жизни под водой »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет