Бейсенбі, 12 Қазан 2023 12:34

Күй күмбірлеп, ән әуелеп аспанда

Мәдениет – ұлттың мәйегі, елдің асыл мұрасы, баға жетпес қазынасы. Күндіз күміс, түнде алтын аққан қасиетті топырағымызда ел мәдениетін, әдебиетін, салт-дәстүрін насихаттауда сүбелі жұмыстар атқарылып келеді. Жақында «Ауылым – алтын бесігім» атты аудан, қала мәдениет күндерінің іріктеу кезеңі ауданымызда «Алтын адамның атамекені» айдарын тағып, жоғары дәрежеде өтті.

Тұманбай Модағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінде болған төл өнеріміздің ортақ мерекесіне ақ жаулықты әжелер, ақ сақалды аталар, жас балаларға дейін атсалысты. Шараға арнайы келген Алматы  облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы  Данияр  Алиев бастаған қонақтар аудан жұртшылығы ұйымдастырған көрме мен қазақ үйлерді аралаудан бастады. Ауданымызға арнайы ат басын бұрған қонақтар қазақ қолөнерінің дара тұлғасы Д.Шоқпарұлы атындағы қолөнер музей шеберлерінің  көрмесіне  көз салды. Музей директоры Дәулет Дәркембайұлы хас шебердің көзіндей болған жәдігерлер мен өнер ордасында қызмет ететін қолөнер шеберлерінің жасаған бұйымдарын келген қонақтарға таныстырды.Дәркембай Шоқпарұлы атындағы мұражайда 2400-ден аса жәдігер бар. Басым бөлігі ұстаның қолынан шыққан ерекше туындылар. Оған қоса онда шебердің өзі қолданған ескі құрал-жабдықтары да бар. Дара тұлға Дәркембай Шоқпарұлының соңынан өшпейтұғын із қалды. Онда сирек кездесетін тері ыдыстарды да кездестіруге болады. Сондай тері ыдыстардың бірін Дәулет Дәркембайұлы қауға деп таныстырды.  Қауға – көбінде бие және сиыр саууға арналған ыдыс. Қауға өте жұмсақ болғандықтан сауған кезде малға жайлы сезім тудырады. Қауғамен сүт сауғанда мал екеш мал да алпыс екі тамырын иіп, сүт беретін көрінеді.

Одан соң Данияр Абзалиденұлы мен аудан әкім Алтай Досумбаев бастаған топ мәңгілік махаббат жыршысы атанған қазақ поэзиясының аса көрнекті ақыны Тұманбай Молдағалиевтің жырын тыңдап, рухына тағзым етті. Аталған мәдениет күндері аясында аударыспақ, асық ойнау, қазақ күресі, тоғыз-құмалақ, садақ ату сынды ұлттық спорт түрлері жиналған көптің назарына ұсынылды. Жұрт әсіресе, көздегенін мүлт жібермейтін садақшылардың  өнеріне қайран қалды. Олардың арасында халықаралық  жарыстардағы үздік же-тістіктерге жеткен Мадияр Шәріпбай сынды жүлде-герлеріміз де бар. Ол Венгрияның Помаз қаласында өткен халықаралық жамбы ату жарысының алтын жүлдесін жеңіп алған болатын. Ауданымыздың спортында толағай табыс-тар аз емес. Жыл сайын халықаралық және республикалық додаларда топ жаратын жүлдегерлердің  қатары көбейіп келеді. Оған өңірде өтетін жарыстардың қосар үлесі зор. Айталық, ауданымызда жыл сайын ҚР спорт ардагері Аманбек Саматов атындағы грек-рим күресінен  жасөспірімдер  арасындағы  дәстүрлі  ашық республикалық турнир  өтіп келеді. Аталған турнирге еліміздің әр өңірінен  жүз-деген  балуан қатысып, 15 салмақ дәрежесінде боз кілемде бақтарын сынайды. Сонымен қоса,  ха-лықаралық дәрежедегі төрешілер мен  ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушылары қонақ ретінде қатысады. Киелі топырақтың өткенінен сыр шертетін, «Алтын адам» туралы  аңызға арқау болған  шағын сахналық қойылым көрсетілді. Көрмеде қазақ халқы пен аудан аумағында ірге тепкен өзге этностардың ұлттық киімдері, тағамдары, жергілікті өнімдер, қолөнер шеберлерінің жасаған бұйымдарын арнайы келген қонақтарға таныстырды. Бүгінде ауданымыздағы этносаралық татулық пен тұрақтылыққа өз үлесін қосып жүрген 5 этно мәдени бірлестік (ұйғыр, славян, грек, шешен-ингуш, түрік) пен 3 клуб (күрд, кәріс, татар) қызмет атқаруда.  Мәдени шара аясында ақ жаулықты әжелер мен ақ сақалды аталарымыз бабадан мирас болып келе жатқан дәстүрлерді дәріптеп, халқымыздың  тағам мәдениетін паш етті. Сонымен қоса сәулетші, этнодизайнер Құрманғазы Қадыровтың қолөнер туындылары да көп көңіліне жол тартты. Әсіресе этно-дизайнердің  «Алматы – арман қала» атты туындысы философиялық ойға толы. Онда жауырын мен алма негізгі образға айналған. Құрманғазы Қадыров бұл еңбегіне жауырынды бекер таңдамаған. Алматы сияқты ару қалаға жан-жақтан жастар ағылады. Солардың жолын ашатын қала болсын деген ниетпен әдейі осы сүйекті таңдап алған екен. Бұл да көрген жанды қызықтырмай қоймайды. Сондай-ақ, «Ай жарық», «Жаңғырық», «Қа-лыңдық», «Босағаң берік болсын!» деген туындылары да өнерсүйер қауымды терең ойға жетелейді. Ал Қаракемер мәдениет үйінің жанындағы Тоқтасын Әбілезұлы жыршы-термешілер мектебінің өнерпаздары Жетісу жыр-шыларының дастандарынан үзінді толғап, Жамбыл мен Сара қыздың айтысынан шағын қойылым көрсетті. Бүгінде Қаракемер мәдениет үйін нағыз өнер ордасы деуге болады. Ұжымның мықтылығының арқасында көптеген жетіс-тіктерге қол жеткізгені елге аян. Осы күнге дейін 15 үйірме жұмыс істеген болса, оған жыр-терме мектебі де ұлы өнердің қайта жаңғыруына қалтқысыз қызмет етіп келеді.

Мереке барысында сөз алған облыстық  мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының басшысы  Данияр  Алиев:

– Мәдениет – ұлттың қуаты, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан рухани болмысы, ақыл-ой парасаты. «Өнер – ұлттың жаны», – дейді дана халқымыз.Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, өнерімен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен танылып, бағаланады. Тарихы терең мекеннен таланттар шоғыры көптеп түлей берсін! Тәу етер Тәуелсіздігіміздің туы мәңгі желбірей берсін! – деді. 

Мерекелік шара аудан өнерпаздары қойған концерттік бағдарламаға ұласты. Салтанатты шарада қос ішектен күй төгіп, қоңыр дауыспен ән шырқап, үкілі тақия мен бүрмелі көйлегін киген өнерпаздар киелі сахна төрінің шырайын кіргізді. Күмбірлеген күйден, жергілікті ақындардың жыр-өлеңдерінен шашу шашқан жандар мен өзге этнос қауымының  өнері  жиналған жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді. Тұрғындар әсем ән мен күйлерінен рухани әсер алып тарқасты.

 

 

Е.АСЫЛ.

Оқылды 818 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…
Қар 21, 2024

«Атамекен» приглашает к диалогу

Национальная палата предпринимателей «Атамекен» Алматинской области выступила инициатором…
Қар 21, 2024

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау.…
Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…
Қар 14, 2024

ҚМА еріктілер қозғалысының…

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет