Бейсенбі, 23 Мамыр 2024 13:17

Таза қала сенен басталады

8 сәуір күні республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алды. Ауқымды экологиялық науқан бес аптаға созылып, оның әр аптасы белгілі бір тақырыпқа  арналды.

 

Осы акцияға Шелек тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері де белсене  атсалысты. 11 сәуір күні Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Алматы облысындағы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының бастау алуына орай, Шелек тарихи-өлкетану музейінде «Таза өлке күні» атты тақырыпта іс-шара өтті. Іс-шарада музей ауласындағы ағаштарды ақтау, арам шөптерді жұлу, гүл егу және музей құрылысын тазалау жұмыстары жүргізілді.

Акцияның екінші аптасы «Киелі мекен» апталығына сәйкес, музей қызметкерлері Шелек ауылындағы А.Шымболатов атындағы саябақта, Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы, Чернобль апатының ерлеріне арналған ескерткіштердің аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді.

«Жасыл аймақ» жобасы аясында музей ауласына ағаш көшеттері отырғызылды. «Өнегелі ұрпақ» күнін атап өту мақсатында, Шелек ауылында тұратын Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы, педагог, Шелек тарихи-өлкетану музейінде ұзақ жыл басшылық қызмет атқарған зейнеткер Жетпіс Сыдықбаевтың шаңырағына арнайы барып, ауласында тазалық жұмыстарын жүргізді.

 «Мөлдір бұлақ» күні аясында, Шелек ауылының сыртынан ағып жатқан үлкен арнаға қосылатын бастауларды тазалау жұмыстары қолға алынды. «Бұлақ көрсең көзін аш» деген қазақтың тәмсілін ұстаным еткен музей қызметкерлері арна бойын жағалап жүріп, көздері бекітілген бастаулардың қайнарын тазалап, маңайына тасталған қоқыстарды жиып, сынған ағаш бұталарын жағаға шығарды. Жақсы бастаманың жаршысы бола білген музей қызметкерлері алдағы уақыттарда да осы үрдісті жалғастыруға ниетті.

Жанар БОРАЛТАЙҚЫЗЫ,

Шелек тарихим-өлкетану музейінің қызметкері.

Оқылды 729 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет