Бейсенбі, 23 Мамыр 2024 13:09

Алтыннан қымбат қазына

Уақыт – адамға берілетін баға жетпейтін ең үлкен байлық. Оны бағалау да, бағаламау да әр адамның өз қолында. Бір өкініштісі, оны артқа қайтару мүмкін емес. Қамшының сабындай қысқа ғана өмірде әрбір адам өз сәтін, уақытын бағалап өтуі керек. Бірақ, бар байлығымызды ғаламтор, әлеуметтік желі сынды бос дүниелерге жұмсап, өмірімізді өткізіп алып жатқанымыз шындық.

 

Өмірдің өзі толық уақыттан тұрады. Ал өмірді дұрыс пайдалану үшін уақытты мейлінше қажетті іске жұмсаған абзал. Қазақта уақытқа қатысты «қас қағым сәт», «көзді ашып жұмғанша», «қамшының сабындай қысқа ғұмыр» тәрізді сөз тіркестері баяғы заманнан қалыптасқан. Осылайша, атабабамыз уақыттың бағасын жете түсініп, оның қадірқасиетін ұрпақтарына жеткізуді қалаған. Әбдіқадір Гейлани «Заман ішінде заман бар, мекендер ішінде мекен бар» деген. Мұнысын түсінбеген шәкірті аң-таң болып, терең ойдың мәнісін ұға алмаса керек. Бір күні хауыздың басында ұстазының қолына су құйып отырып, хауызға түсіп кетеді. Судан басын шығарып қараса басқа елде, басқа мекенде жүр екен. Еліне қайтайын десе елі ол жерден бес мың қашықтықта болса керек. Амалсыздан сол жерде жұмыс істеп, үйлібаранды болады. Бір күні үй салып, хауызының басында ойланып отырып баяғыдай хауызға түсіп кетеді. Судан басын шығарғаны сол екен, өзінің бұрынғы ұстазы қолыма су құйсаңшы деп оны күтіп тұр дейді. Мұның астарында өмірдің өткінші екені, уақыттың да ғажайып жұмбақ нәрсе екені һәм де ақыреттің де бар, мәңгілік екені терең қамтылған. Бірде ғалым: «Адамдар жер бетінде мыңнан екісін ғана көреді» деп қалды. Жер бетін жындар бір минутта айналып шығуға мүмкіндігі бар екен. Онда біз өмір сүріп жатқан жер олар үшін тар болатыны мәлім. Яғни, мұнан шығатын пайым, жер ғаламның бір бөлшегі ғана болмақ. Ғалам бәйтерек болса жер оның дәнегі ғана. Осынша тылсым дүниелерді жаратқан Алланың құдіретіне қайран қалмасқа, жүрекпен иланбасқа қандай кедергі бар? Бұл әңгімеден көп нәрсе түюге болады.

Негізі, уақытты адам мейлінше тиімді пайдалануға әрекет етуі тиіс. Себебі, маңдай термен тапқан бесон теңгенің өзін мұқият және есеппен пайдаланамыз. Ал, уақыт алтыннан да қымбат дүние. Уақыт жұмсап алтын тапсаң да, алтын жұмсап уақыт табу мүмкін емес. «Уақыт өтпей кетті-ау», «Тез есейсем екен», «Тез отбасын құрсам екен» деп  өкініш білдіреміз. Бірақ, біз асықпасақ та, уақыт өз-өзінен  зымырауда. Солай бос қиялмен жүргенде, есейіп, қарттық жеткенін де білмей қалып жатамыз. Демек, уақыт – адам өмірі. Уақытты босқа өткізу – мезгілі өлшеулі, құны өлшеусіз өмірді рәсуә қылу. Дүниені жоғалтсаң орнын толтыруға болады, алайда уақыттың орны толмайды.

Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?

Бәрі өтеді дәуірлер, замандар да.

Менің жаным ашиды мына өмірді

Өтпейтіндей көретін адамдарға.

Өтедіғой... Өтеді ғой барлығы да.

Иә, Мұқағали жырлағандай уақыт ешкімге бағынбайды. Бүгінгі уақытпен өмір сүр, ертеңгі күнге үмітпен қара. Ақша – қымбат, өмір – қымбатырақ, ал уақыт – одан да қымбат. Әрбір өтіп жатқан сәттерің ең қымбат алтынмен тең. «Уақыт – қадірін білгенге қазына» демекші, қазынамызды болмашы нәрселерге бола жоғалтып, бостан-босқа құртып алмайық!

 

Маржан БАЛАХАНОВА,

Абылай хан атындағы орта мектептің оқушысы.

Оқылды 632 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…
Желт 26, 2025

Он был духовным наставником сельчан

В текущем году в с.Ават происходили и радостные, и печальные события. Одно из наиболее…
Желт 26, 2025

Жазушы мұрасы – ұлт қазынасы

Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық» үйінде Қазақстан Жазушылар одағы…
Желт 26, 2025

Дарынды оқушыларымыз жеңіс тұғырында

Қазақстанның дарынды оқушылары «UCMAS International Competition 2025 & World Cup…
Желт 26, 2025

Ұлы халықтың ұлы Абайы

Биыл қазақ елі данышпан, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын жоғары деңгейде атап…
Желт 26, 2025

Білім сапасы – ел болашағының кепілі

Қазіргі жаһандану дәуірінде кез келген мемлекеттің дамуы ең алдымен білім сапасымен…
Желт 26, 2025

Ұлттық құндылықтар дәріптелді

Ішкі саясат бөлімінің бастамасымен жастар арасында патриоттық тәрбие мен отбасылық…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет