Бейсенбі, 23 Мамыр 2024 12:57

Ы.Алтынсарин атындағы мектептің оқушысы Айым БОЛАТБЕК: «Қауіпсіздік қаперден шықпауы керек»

Қауіпсіздік – жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінің ішкі және сыртқы қатерден қорғалуы. Соның ішінде  болашақ иелері – жастардың өмірінің қауіпсіздігі қашан да қаперден тыс қалмауы керек. Сондықтан да «Мектепке қауіпсіз жол» бағдарламасы аясында балалардың  жолдағы  қауіпсіздігіне ерекше назар аударылып, түрлі ісшаралар, акциялар өткізілуде. Біздің кейіпкеріміз – Шелек ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектептің 10 сыныбының оқушысы Айым Болатбек «Мектепке қауіпсіз жол» жобасын іске асыруда жеке бастамасын қолға алыпты. Осы орайда Айымнан игі бастаманың мән-жайын білген едік.

– Айым Даниярқызы, мұндай игі шараны қолға алуыңызға не себеп болды?

– Мені өзім қатарлы құрбыларым мен кейінгі іні-сіңілілерімнің өмірлерінің қауіпсіз болуын, оны қалай іске асыру керектігі көп толғандыратын.  Содан мен «Begint» жобасына қатысуға бел будым. «Begint» – жасөспірімдерге арналған әлеуметтік-көшбасшылық  жоба. Жобаның іріктеу кезінде 800-ден астам оқушы қатысып,  оның 37-сі шешуші кезең – финалға өтті. Соның ішінде мен де бармын. Жеңімпаздар жоғары оқу орнына гранттар мен білім алуға ақшалай көмектер ұтып алды. Мен бұдан басқа да аудандық, облыстық, республикалық олимпиадалар мен байқауларға қатысып, жеңімпаз атандым. Соның ішінде «Iqanat» олимпиадасының финалисі атандым әрі өзім мектептің белсендісі болғандықтан  осы «Мектепке қауіпсіз жол» жобасымен айналысуды жөн көрдім. Өйткені, қауіпсіздік қаперден шықпауы керек.

– Бұл жоба бойынша қандай жұмыстарды, іс-шараларды қолға адыңыз?

– «Save Way to School», яғни, «Мектепке қауіпсіз жолды» өзіме жеке жоба етіп таңдап алған соң, бірталай жұмыстарды іске асырып жүрмін. Жобаның мақсаты – көше-жол ортасының қауіпсіздігі үшін үйдің айналасындағы және үйге барар жолдағы аумақты талдау, елді мекендер әкімшілігімен бірлесіп, «Vision Zero» тұжырымдамасы шеңберінде ұсыныстарымды әзірлеу және іске асыру.

– Неліктен басқа мәселе емес, балалардың жол қауіпсіздігі туралы жобаны таңдадыңыз?

– Иә, орынды сұрақ. Қазір техниканың дамыған  заманында жасөспірімдердің өмірін қорғау басты мәселеге айналды. Статистикалар мен нақты деректерге сүйенсек, Қазақстанда жылына 2000-нан астам адам жол-көлік апатынан қайтыс болады екен. Ал соңғы 6 жылда (2018-2023 жылдары) жол-көлік апатынан қаза тапқандар саны 13500-ді құрапты. Бұл Ұлытау ауданының халық санынан көп. Сонымен қатар зерттеулер көрсеткендей, 18 жасқа дейінгі балалардың қайтыс болу көрсеткіші (жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болу пайызы) басқаларына қарағанда алда тұр. Яғни, бұл өте үлкен сандар мені қатты қынжылтты.

Өткен бес аптада мен көп жұмыстар атқардым. Мен өз үйімнің жанындағы 500 метр аумақты зерттедім. Көршілер арасында сауалнама және осы мәлелелер бойынша қарттарға түсінік жұмысын жүргіздім. Деректерді талдадым және олардың нақты санын анықтадым. Далалық зерттеулер жүргіздім. Көлік кестесін зеттедім. Шелек ауылында тротуардың, жаяу жүргіншілер өткелінің, жарықтандырудың, сапалы жолдың жетіспеушілігін анықтадым. Ауылдың жол мәселелері туралы білу үшін аудандық учаскелік полиция капитаны Дамир Сұлтановтан сұхбат алдым. Соңғы болған балаларға қатысты жол-көлік оқиғалары туралы, инфрақұрылымның жетіспеушілігінің салдарынан болған жағдайларды білдім.

Аудандық мәслихат депутаты Саян Амировпен кездесіп, «Мектепке қауіпсіз жол» жобамды айттым. Ол кісі кеңес беріп, қолдады. Ауылдағы ең қауіпті 8 аймақты таптым. Осы мәселелердің шешімін ойлап тауып, олардың визуализациясын салдым. Шешімдері бар құжат  дайындадым. Ендігі мақсатым – өз аулымдағы жол инфрақұрылымының сапасын жақсарту, балалардың мектепке дейінгі жолын қауіпсіз етуге қол жеткізіп, нағыз әлеуметтік көшбасшы болу.

– Әлеуметтік көшбасшы болуға қандай қабілеттілік қажет?

– Көп адамдар көшбасшылық пен әлеуметтік көшбасшылықтың айырмашылығы жоқ деп ойлауы мүмкін. Бірақ, олай емес. Көшбасшылық – бұл адамның немесе топтың, ұйымның, қоғам немесе команда ізбасарлары не мүшелеріне әсер ету және оларды соған бағыттау қабілеті. Ал әлеуметтік көшбасшылық – бұл күнделікті мәселелер мен әділетсіздіктерді шешу үшін қоғамдастықтың күшін біріктіретін тәсіл.

Осыған дейін мен әртүрлі жобалармен айналысқанмын. Оның ішінде ғылыми жоба, бизнес жоба, экологиялық жоба да бар. Ал қазіргі іске асырып жатқан әлеуметтік жобамен жұмыс жасау маған басқаларына қарағанда қатты ұнады. Ерекше әсер берді. Себебі, осы жоба арқылы мен алғаш рет сұхбат алдым, бірінші рет әкімшілікпен кездесіп, сауалама жүргіздім. Ауқымды мәселелердің шешімін таптым. Жоба арқылы көптеген жетістікке қол жеткіздім. Адамдардың алдында ойымды еркін жеткізуді, командамен жұмыс жасауды, қиындықтардан шығу шешімдерін табуды үйрендім. Алға қойған мақсатым – айқын, оған жетуге де сенімім мол.

– Алға қойған мақсатыңызға жетуге тілектеспіз. Сұхбатыңызға рахмет.

Тілдескен Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 519 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Даналықтың дара жолы – мектебім Алтыннан қымбат қазына »

Соңғы жаңалықтар

Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…
Қаз 23, 2025

Кітап оқу – өркениет кепілі

Қоғамның нағыз рухани құндылықтан ажырап, алақандай смартфонға бар уақытын сарп етіп…
Қаз 23, 2025

Құрметті мамандық

Рухани-мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз…
Қаз 23, 2025

Әлеуметтік сала – ізгіліктің алтын…

Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, адамдардың…
Қаз 23, 2025

Ұлттық өркендеу жолы

XXI ғасыр – цифрлық революция заманы. Бүгінде әлемдегі барлық салалар цифрлық…
Қаз 23, 2025

Әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Таза әйнек — үйдің, автокөліктің де ажары. Дегенмен, әйнекті жууға арналған сұйықтықты…
Қаз 23, 2025

Диспенсерге арналған пластик…

Қазіргі таңда кеңселер мен ұйымдарда, сондай-ақ тұрмыстық жағдайда диспенсерге арналған…

Күнтiзбе

« Қазан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет