Бейсенбі, 23 Мамыр 2024 12:42

Даналықтың дара жолы – мектебім

«Отанның, ел ұлы болсын деп балаға,

Тәрбие, білімін сіңірген санаға.

Өзіңнен түлеген ұл-қызың, мектебім,

Шығады білімді ғалым да, дана да», –

деп ақындар жырлағандай, Шелек ауылы Абай атындағы мектептен түлеп ұшқан түлектер арада 60 өткен соң бас қосты сол алтын ұяларында.

1964 жылы ұядан қияға қанат қаққан ардагер сыныптастардың жүздерінен сағыныштың  нышаны айқын байқалады. Қуана қауышып, өткен күндерін, мектептегі қызықты оқиғаларын еске алып, мәресәре. Осы мектепте 38 жыл тапжылмай еңбек еткен, математика пәнінің мұғалімі болған Ажархан Молдабаева: «Біз 1963-64 оқу жылында С.Киров атындағы мектептен бөлініп, Абай атындағы жаңа ашылған мектепте оқыдық.  Сынып жетекшіміз Мереке Заманбекқызы Өстенова болды.  Біз сол мектептің алғашқы түлегі едік», – деп еске алды.

Сыныптастар жетекші ұстаздарын ортаға алып, жаңалықтарымен бөлісті, қайтыс болғандарды еске алып, құран бағыштады. Кездесуге келген сыныптастардан Мұқади Ибрагимов қаржы қызметкері, Сағатбай Қосаумасов запастағы полковник, Ұлбике Әмірбаева балабақша меңгерушісі, Бақыт Әубәкірова статистика агенттігінде, Құралай Төлегенова байланыс инженері, Шыңғыс Тұрсынбай экономист, ал Ажархан Молдабаева осы мектепте  мұғалім болып қызмет еткен, бұл күндері ардақты апа-аталар атанған  абзал жандар.

«Баланы санаға бастаған мектебім,

Тәлім ап өзіңнен есейіп, көктедім.

Түлектер қанатын қақса егер қияға,

Келешек үні боп жарқыраркөкте күн»

дегендей, енді міне, өздері жас-тарға өнеге болып, ұрпақтар үлгі алатын азаматтар атанған сыныптастар:

«Алтын ұям менің,

Өнегенің кені едің.

Саналықтың сара жолы сен едің,

Даналықтың дара жолы – мектебім»,

деп мектептің мерейін өсіріп, мауқымдарын басып, бір-бірін қимай тарасы.

 

Анарбек МӨКІШҰЛЫ.

 

Оқылды 667 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет