Бейсенбі, 30 Мамыр 2024 12:34

Тұрғындар талабы тасада қалмайды

Аудан әкімі Талғат Байеділовтің аудан тұрғындарымен кездесуі жалғасуда. Шелек өңірінің жұртшылығымен жүздескен аудан басшысы елдімекендерді аралап, тұрғындардың талаптілектеріне құлақ асты.

 

Шелек

 

Шелек гимназиясының мәжіліс залында тұрғындарға есеп берген Талғат Ескендір-ұлына жиылған көпшілік ұсыныстарын білдіріп, ауылдағы мәселелерді көтерді.

Бүгінде аудан орталығында қолға алынған қоғамдық көлік мәселесі Шелек ауылында да көтерілді. Тұрғындардың сөзінше, ауылда жалғыз бағытпен жүретін автобус бар, автобекет жоқ.

Кәсіпкер Мерғали Кадесов бүгінде Май ауылының тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз етеді. Денсаулығына байланысты бұл жұмыспен айналыса алмайтынын жеткізген кәсіпкер аудан әкімінен су қабылдау мұнарасы мен 6 шақырым су құбырын «Шелек Су» кәсіпорнының теңгеріміне өткізіп беруді сұрады. Өз кезегінде Талғат Ескендірұлы тұрғын үй коммуналдық-ша-руашылық және тұрғын үй инспекциясы бөліміне тиісті тапсырма берді.

Сонымен қатар кездесуде Шелек ауылына тартылған ауызсу құбырының сапасы сын көтермейтіні айтылды.

 

Масақ

 

Масақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуде де бірқатар өзекті мәселелер кө-терілді. Қ.Ұлтарақов ауылының ақсақалдар алқасының төрағасы Рыскелді Жақабай тіршілік нәрінен таршылық көріп отырғанын айтты. Сол себепті су құбырларын қайта жөндеуден өткізу қажет екенін жеткізді. Сонымен қатар, шаруалар да Үлкен Алматы каналынан алатын суармалы су бағасының қымбет екенін, тариф несібесін қара жерден айырып отырған шаруалардың қалтасына салмақ салатынын айтты.

Бүгінде округте тұрғындар саны артып келеді. Осыған орай жеке тұрғын үй салуға инфрақұрылым қажет.

Қ.Ұлтарақов ауылында демеушілер көмегімен спорт кешені салынып бастаған. Алайда қаражаттың жетіспеуіне байланысты құрылыс жұмыстары тоқтап тұр. Масақтықтар аудан әкімдігінің тарапынан аталған спорт кешенінің құрылысын жүргізу үшін демеушілермен келісім жүргізіп беруін сұрады. Бартоғай су қоймасының жанында жайлауға өтетін көпір апаттық жағдайда. Осыған байланысты, аталған көпірге жөндеу жұмыстарын жүргізіп, тиісті шаралар қабылдау керектігін жеткізді тұрғындар. Бұл турасында аудан әкімі округ әкіміне Бар-тоғай су қоймасының жанында жайлауға өтетін көпір мемлекет теңгеріміне өткенге дейін, демеушілердің көмегімен жөн-деу жұмыстарын қарастыру жөнінде тапсырма берді.

 

Қаражота

 

Аудан әкімнің есептік баяндамасын тыңдаған қаражоталықтар Талғат Ескендірұлын округтегі қордаланған мәселелер легімен таныстырды.

Бүгінде округке қарасты Ақтоған, Сарыбұлақ ауылдарындағы мектептердің әбден тозығы жеткен, ғимараттар апатты жағдайда. Аталған екі ауылда балабақша жоқ. Дәрігерлік амбулаториялардың да сапасы сын көтермей тұр. Электр желілері де, ауызсу құбырлары да ескірген.

Қаражоталықтардың түйінді мәселелерімен танысқан Талғат Ескендірұлы аудандық білім бөлімі мен сәулет және қалақұрылыс бөлімінің басшыларына Ақтоған ауылына жоспардағы мектептің құрылысы бойынша облыстық білім басқармасымен бірлесе отырып, құрылыс нысанын салуға конкурсқа шығару жолдарын қарастыруды, тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөліміне жарық жүйесінің шешімін табуды, округі әкіміне өрт сөндіру бекетін салу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

 

Қорам

 

Қорам орта мектебінің мәжіліс залында есеп берген Талғат Ескендірұлы аудан аумағында жүзеге асқан жобалар мен жоспардағы жұмыстарды көпшілік назарына ұсынды.

Кезекпен сөз тізгінін алған ауыл тұрғындары аудан әкімі-нен Қорамға мәдениет үйі мен спорт кешенін салып беруді сұрады. Ауылға көгілдір отын тарту, амбулаторияны медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, электр желілері, кәріз жүйесі мен су құбырлары да назардан тыс қалмады.

Кездесуде аудандық мәслихаттың депутаты Бектұрсын Ұзақов суармалы су жүйелерінің тозығы жеткенін айтып, дабыл қақты. Сондай-ақ, Асы жайлауынан қорамдықтарға жайылым жер қарастырып беруін сұрап, коммуникациялық инфрақұрылым жасалмаған 3 көшенің мәселесін көтерді.

 

Асы

 

Асы ауылдық округінде де сапасы сын көтермейтін жол, су тарифінің қымбаттығы, интернет желісінің нашарлығы, электр желілерінің сапасыздығы жайлы айтты жергілікті тұрғындар.

Жаңашаруа ауылында салынып жатқан саябақтың құрылысы аяқсыз қалған және құрылыс жұмыстары сапасыз жүргізілген. Бұл жөнінде аудан басшысы тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөліміне саябақ құрылысын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Электр желілері мен интернет мәселесін шешу қажеттігін де аталған бөлім басшысына жүктеді.

Қазіргі таңда Қызылшарық ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектептің тозығы жеткен, күрделі жөндеуді қажет етеді. Оған қоса осы ауылда мәдениет үйі мен балабақша жоқ. Аудан әкімінен аталған әлеуметтік нысандардың бой көтеруіне ықпал етуін сұраған қызылшарықтықтар ауылға апаратын облыстық маңызы бар тас жолға қажетті жол белгілерін орнату қажеттігін айтты. Бұл мәселе бойынша тиісті бөлімге тапсырма беріліп, назарға алынатын болады.

 

Қаратұрық

 

Аудан әкімінің ауылдарды аралап, көпшілікке есеп беріп, хал-ахуалымен танысу сапары Қаратұрық ауылдық округінде жалғасын тапты. Талғат Байеді-лов күн тәртібіне сай, есеп берген соң, жұртшылық сөзін жеткіземін деген жандарға кезек келді.

Аудандық мәслихат депутаты Назгүл Сыдыкова Тауқаратұрық өлкесінің мәселелеріне тоқталды.

– Тауқаратұрық ауылының тұрғындары су жинақтау қоймасының сорғылары дұрыс жұмыс істемей тұрғандықтан, фильтрсіз ағып жатқан суды тұтынып отыр. Аталған ауылдағы жерлестеріміз «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша мал шаруашылығымен айналысқысы келгенімен, біздің округке лимит қойылған. Сонымен қатар құрылыс жүргізіліп отырған нысандардың сапасы стандартқа сай болмағандықтан, тексеріс жүргізілу қажет – дей келе округтегі тұрғындардың бірқатар талаптілегін баян етті.

Жиынға қатысқан Қаратұрық, Ащысай, Достық сынды басқа да ауылдардың тұрғындары су жүйесі, дәрігерлік амбулатория, жер, ауыл шаруашылығы, жол салалары бойынша бірқатар мәселелерді ашып айтты.

Жиын соңында аудан әкімі Талғат Байеділов тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша округ әкімі мен жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар берді.

 

Тескенсу

 

Тескенсу ауылдық округі де, ауданымыздағы іргелі елді мекеннің бірі болып есеп-телетіні белгілі. Бұл өлкеге ат басын тіреген аудан әкімі есептік баяндамасын оқып, тұрғындардың талаптілегін тыңдауға көшті.

Алғашқы болып сөз алған аудандық мәслихат депутаты Саят Даимбаев Толқын ауылындағы мәдениет үйі апатты жағдайда тұрғандықтан, күрделі жөндеуді қажет ететінін мәлімдеді. Сондайақ малға күні қарап тұрған халық үшін Тескенсу ауылының жайылым жерлері жеткіліксіз. Ал, 250 гектар жер телімдерінің нысаналы мақсаты жайылым жер бола тұра суармалы ретінде пайдаланылып жатыр. Аталған жер телімдерін мемлекеттік қорға қайтаруды сұрады.

Қауымдастық мүшесі Байғали Құрманбаев Толқын ауылы тұрғындарының көпшілігі мал шаруашылығымен айна-лысатындықтан, ауыл ішінде жағымсыз иіс бар екенін айтып, сол себепті малдың қиын өңдеп тыңайтқыштар шығаратын мекемелерді қарас-тырып беруін сұрады. Округ тұрғындары су, газ, жол, интернет сынды басқа да өзекті мәселелерді көтеріп, шешімін табуды өтінді.

Өз кезегінде аудан әкімі сала бойынша жауапты мекемелерге тұрғындар өтінішін орындауды тапсырды.

 

Қазақстан

 

Әкімнің есебімен танысқан ауыл тұрғындары өз кезекте-рінде өзекті мәселелерін жасырған жоқ.

Аудандық мәслихат депутаты Мұхит Дунгешов Қазақстан ауылдық округіндегі жоғары кернеулі электр желілерін жаңарту қажет екенін айтып, Ж.Қайыпов атындағы орта мектепке де күрделі жөндеу жұмыстары қажет екенін мәлім етті.

Қауымдастық мүшесі Әділ-бек Көпшілбаев:

– Ж.Қайыпов ауылындағы дәрігерлік амбулатория ғимараты санитарлық нормаларға сай келмегендіктен, апатты хәлде тұр. Сонымен қатар, тұрғындар санының өсуіне байланысты жаңа дәрігерлік амбулатория салу қажет – дей келе Қайыпов ауылындағы жарамсыз ескі мектептің ғимаратын ауылдық округ әкімдігінің теңгеріміне алып, қолданысқа беруді сұрады.

 

Бәйдібек би

 

Жер көлемі мен ел көлемі бойынша алда тұрған Бәйдібек би ауылында да халықтың көкейіндегі талаптар бір жолға қойылды.

Аудандық мәслихат депутаты «Amanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы Бағдат Рахимов өз кезегінде Бәйдібек би ауылындағы М.Островкий атындағы орта мектеп ғимаратының жағдайы нашар күйде екенін жеткізіп, күрделі жөндеу қажет екенін айтты. Сонымен қатар, Бәйдібек би ауылында орналасқан пошта бөлімшесінің ғимаратын әкімдіктің теңгеріміне алып, ауылдық округ әкімдігі ретінде қолданысқа беруді сұрады.

Ауыл тұрғыны Оралхан Джансеркеева Титов көшесін асфальттауды және Т.Әубәкіров атындағы орта мектептің ауласына қоршау салу қажет екенін көпшілік атынан сұрады.

Аудан әкімі кездесу соңында көпшіліктің талаптілегіне сай жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берді.

 

Өз тілшілеріміз.

Оқылды 125 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…
Қар 21, 2024

«Атамекен» приглашает к диалогу

Национальная палата предпринимателей «Атамекен» Алматинской области выступила инициатором…
Қар 21, 2024

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау.…
Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…
Қар 14, 2024

ҚМА еріктілер қозғалысының…

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет