Бейсенбі, 30 Мамыр 2024 12:59

Дарынды бала – ұлт болашағы

Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білім. Елімізді өркениетке апаратын жолдың бастауында мектеп тұрады.  Мектептегі білім – барлық әлемнің  тыныс-тіршілігінің іргетасы. Сондықтан, егемен еліміздің ертеңгі нұрлы болашағы – бүгінгі мектеп оқушылары.

Ауданымызда өз бойындағы талантын түрлі білім бәйгелерінде сынап, көш басынан көрініп жүрген оқушылар көп. Солардың бірі №6 қазақ орта мектеп-лицейінің 3 сынып оқушысы Айсұлтан Дауыспек. Мектеп ішіндегі өребәйгелерге жиі қатысып, аудандық, халықаралақ байқаулардың жеңімпазы атанған. «Ақбота» зияткерлік олимпиадасының І дәрежелі дипломын иеленген. Сонымен қатар, халықаралық «ПОНИ» зияткерлік байқауында І дәрежелі дипломмен марапатталған. Тек мектеп қабырғасында емес, отбасында да, достарының арасында да белсенді. Әсіресе, шахмат ойынына деген қызығушылығы зор. Анасы Айым баласының бойындағы ерекше қабілетін байқап, түрлі жарыстарға қатыстырғанын айтты.

– Айсұлтан кішкентай кезінен әріп танып, оқуға құштар болып өсті. Бос уақытын тиімді пайдаланады. Жеке заттарына ұқыпты. Мектептен келген соң бірден үй тапсырмасын орындап, шығармашылық жұмыспен айналысады. Сыныбындағы үздік оқушылардың бірі. 2 сыныпты жаңадан бітірсе де, біраз жетістіктерге жетті. Айсұлтанды түрлі онлайн байқауларға да қатыстырып келемін. Әрдайым мұғалімдері мақтап отырады. Әрине, баланың жетістікке жетуі – кез келген ата-ана үшін қуаныш. Шахмат ойнағанды қатты ұнатады. Ауызша сабақтарға өте жақсы. Құрастырма ойыншықтардан әртүрлі пішіндер құрастырады. Алдағы уақытта ұлымды көптеген үйірмелерге қатыстырып, қызығушылығын арттырамын, – дейді Айым Рахатқызы.     

 «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын» демекші, таудай талап пен теңіздей білімді бойына сіңірген кішкентай Айсұлтан болашақта ел үшін туған ер болары сөзсіз. Жақсылыққа жетелеген ұстаз бен ата-ананың үмітін ақтап келе жатқан бүлдіршініміздің шығар шыңы көп болғай...

 

Айерке МЕРЕКЕҚЫЗЫ.

Оқылды 790 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет